Жаңақала аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабары
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 28.09.1995 жылғы №2464 Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 13-бабының 4-тармағына және 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Бірлік, Жаңажол, Жаңақазан, Көпжасар ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі Жаңақала аудандық аумақтық сайлау комиссиясының негізгі іс-шараларын өткізудің мерзімдері туралы қаулысына сәйкес Жаңақала ауданы бойынша аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы жарияланады.
Жаңақала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, М.Маметова көшесі, 2 үй.
Аудандық муражай ғимараты
Тел. 8 (71141) 21 9 06
Комиссия төрағасы – Қаресов Айдар Қанатқалиұлы
Комиссия төрағасының орынбасары – Ақбасов Өмірзақ Тұрақбайұлы
Комиссия хатшысы – Бақтыгереев Жанболат Бақтығалиұлы
Комиссия мүшелері – Жұмалиев Марс Такесұлы, Еслямов Есенболат Бекжанұлы, Мұқашева Дина Даниярқызы, Габдуллин Сәтжан Сұлтанғалиұлы.
Жаңақала аудандық
аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Қаресов