Жаңақала ауданы бойынша ауыл  әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы

Жаңақала ауданы бойынша ауыл  әкімдігіне кандидаттарды

тіркеу қорытындысы туралы

 

Жаңақала ауданында 2021 жылдың 25 шілдесіне 9 ауылдық округтен 4 ауылдық округке ауылдық округ әкімдерін сайлау тағайындалды.

Бұл ретте барлық 4 әкім өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты сайланады (44,4%).

Жалпы 12 кандидат ұсынылды, оның 6 - ы (50,0%) - саяси партиялармен, 6-ы (50,0%) - өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылды.

Орташа бәсекелестік - 3 адам. Кандидаттардың ең саны көбі - 4 (Көпжасар ауылдық округі). 1 сайлау округінде (Жаңақазан ауылдық округі) 2 кандидаттан.

Оның ішінде саяси партиялар 3 сайлау округі бойынша кандидатуралар ұсынды: "NurOtan" партиясы 3 кандидат, "Ауыл"ХДПП 1 кандидат, ҚХП 1 кандидат, ЖСДП 1 кандидат.

Бұл ретте Жаңажол ауылдық округінде кандидаттарды тек саяси партиялар ("NurOtan" партиясы, "Ауыл" ХДПП, ЖСДП) ұсынды, ал Жаңақазан ауылдық округінде кандидаттар өзін - өзі ғана ұсынған.

12 кандидаттың сәйкестігі анықталды.

Өзін-өзі ұсынған 6 кандидат қолдау үшін қажетті қол жинады.

12 үміткердің барлығы ер адамдар.

5 кандидат жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілер болып табылады.Оның ішінде 3 кандидат Бірлік, Жаңажол, Көпжасар ауылдық округтерінің әкімдеріне қайта дауысқа түседі.

Соңғы жұмыс орны мемлекеттік қызметке байланысты емес 7 кандидат мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарына сәйкес өтті. Олардың бірі жұмыссыз. Оның ішінде: 6-бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, 1-уақытша жұмыс істемейді.

Саяси партиялармен ұсынылған кандидаттардың 3 (25%) - жұмыс істеп жүрген әкімдер, 3 - бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері.

Барлық кандидаттар "Болашақ" түлектері болып табылмайды.

5 (41,7 %) – оқытушылар, 1 (8,3%) – заңгер, 4 (33,3 %) – ауыл шаруашылығы қызметкерлері, 2 (16,7%) - инженерлер.

Орташа жасы 38,5 жас, Бұл ретте ең жасы - 30 жас (Серікқалиев Аман Серікқалиұлы, Бірлік ауылдық округі), ең үлкені - 56 жас (Еслямғалиев Ерсайын Қойшекенұлы, Бірлік ауылдық округі).

9 (75,0%) үміткер ауылдық округте, 3 (25,0%) – аудан орталығында тұрады.

Ағымдағы жылғы 14 шілдедегі жағдай бойынша 12 кандидат тіркелді (100,0%).

 

Анықтама: Ең көп сайлаушылар Жаңақазан ауылдық округінде -1296 адам. Ең азы – Салтанат ауылында 50 сайлаушы (барлығы 74 тұрғын, ауыл аудан орталығынан 24 шақырым жерде).

Ең шалғай ауылдық округ аудан орталығынан 60 км қашықтықта орналасқан (Жаңақазан ауылдық округі).

3 елді мекенде  сайлау учаскесі жоқ (сол жерде өтініш бойынша дауыс беру ұйымдастырылады).

Дата публикации
17 марта 2025