2021 жылғы 25 шілдеде Жаңақала ауданының ауылдық округтері әкімдерінің төрт сайлау округі бойынша сайлауы өтті

2021 жылғы 25 шілдеде Жаңақала ауданының ауылдық округтері әкімдерінің төрт сайлау округі бойынша сайлауы өтті.

 

Жаңақала аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жаңақала ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

 

 

Бірлік сайлау округі

 

Бірлік ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 868 азамат енгізілді. Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

 

Еслямгалиев Е.К.–273; Жақашев Е. К.–304; Серікқалиев А. С.–5.

 

Бірлік ауылдық округінің әкімі болып сайланды Жакашев Ерболат Куанышевич, 1989 жылы туған, Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Бірлік ауылдық округінің Бірлік ауылында тұрады. Өзін – өзі ұсынған.

 

 

 

Жаңажол сайлау округі

 

Жаңажол ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 764 азамат енгізілді. Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

 

М. Н. Ахметов -34; А.М. Ишанов–338; А. Х. Оразалиев–145.

 

Жаңажол ауылдық округінің әкімі болып сайланды Ишанов Айбек Миразатович, 1980 жылы туған, «Айдархан  жалпы орта білім беретін мектебі» КММ –інің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Жаңажол ауылдық округінің Айдархан ауылында тұрады. Жалпыұлттық социал – демократиялық партиясы (ЖСДП) ұсынған.

 

 

 

Жаңақазан сайлау округі

 

Жаңақазан ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1296 азамат енгізілді. Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

 

Н.Ж. Батырғалиев -280; А. Н.Лұқпанов–371.

 

Жаңақазан ауылдық округінің әкімі болып сайланды Лукпанов Алибек Нариманович, 1988 жылы туған, Жаңақала аудандық «Jastar» клубының әдіскері, Жаңақазан ауылдық округінің Жаңақазан ауылында тұрады. Өзін – өзі ұсынған

 

 

 

Көпжасар сайлау округі

 

Көпжасар ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1144 азамат енгізілді. Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

 

Е.О. Аюпов – 52; Н.С. Бектілеу – 319; Д. Ғ. Рахметов – 105; Е. Қ. Төлеуғалиев–55.

 

Көпжасар ауылдық округінің әкімі болып сайланды Бектлеу Нұрбол Серікұлы, 1982 жылы туған, Көпжасар ауылдық округінің әкімі, Көпжасар ауылдық округінің Көпжасар ауылында тұрады. «Nur Otan» партиясы ұсынған.

 

 

 

Жаңақала аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 26 шілдедегі шешімімен 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған Жаңақала ауданының Бірлік, Жаңажол, Жаңақазан және Көпжасар ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.

 

Жаңақала аудандық сайлау комиссиясы



Дата публикации
17 марта 2025