Жаңақала аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының
2021 жылғы 25 маусымдағы №1 қаулысымен бекітілген
2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
|
1. Ауылдық округ әкімдерінің сайлауын тағайындау |
||
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2021 жылғы 25 маусым (113-1-б. 2,3-т.) |
||
|
2. Сайлау округтерінің тізімі мен оның шекарасын және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей 2021 жылғы 5 шілдеден кешіктірмей (22-б.) |
|
|
3. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2021 жылғы 5 шілдеден кешіктірмей (13-б. 4-т.) |
|
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2021 жылғы 10 шілдеден кешіктірмей (17-б. 2-т.) |
|
|
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||
|
|
Аудан әкімінің аппараты Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімнен кешіктірмей 2021 жылғы 10 шілдеден кешіктірмей (23-б. 5-т.) |
|
|
6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну |
||
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар. Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және егер сайлауды тағайындау кезінде өзгешелік белгіленбесе, сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады (2021 жылғы 26 маусымда басталады және 2021 жылғы 09 шілдеде жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады (113-3-б. 1-т.) |
|
|
|
||
|
|
|
|
|
7. Әкімдікке кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау |
||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы (4-б. 2-тармақша.113-5. 11-т.) |
|
|
|
||
|
|
||
|
|
|
|
|
8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу тиісті куәлік беру |
||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Әкімдікке кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 8-1тармақша. 31-б.) |
|
|
9. Өзін – өзі ұсынған әкімдікке кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру |
||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттың талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күн мерзімде Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңында көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей (113-4-б.) |
|
|
10. Әкімдікке кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу |
||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып Қол қою парақтары сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күн мерзімде (113-4-б. 7-т.) |
|
|
11. Жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы ағымдағы жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақы мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі |
||
|
|
Әкімдікке кандидаттар, саяси партиялар (әр ұсынылған кандидат үшін) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5б. 2-т.) |
|
|
12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына 2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну |
||
|
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.) |
|
|
13. Әкімдікке кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
||
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 4-т.) |
|
|
14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен он күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады 26 маусым 2021жылы басталады және 2021 жылғы 14 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 18:00-де аяқталады (113-5-б.) |
|
|
15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.) |
|
|
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру |
||
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.) |
|
|
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
||
|
|
Әкімдікке кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 2021 жылғы 14 шілдеде сағат 18.00-де басталады және 2021 жылғы 24 шілдеде нөл сағатта аяқталады (27-б. 2-т.) |
|
|
18. Әкімдікке кандидаттарды сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру, кандидаттардың және сенім білдірілген адамдарының сайлаушылармен бөлінген үй-жайларда кездесулерінің кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) |
|
|
19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
||
|
|
Аудан әкімі Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2021 жылғы 5 шілдеге дейін (24 б. 5-т.) |
|
|
20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2021 жылғы 10 шілдеден (26-б. 1-т.) |
|
|
21. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету |
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2021 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей
(18-б.5 тармақша. 38-б. 2-т.) |
|
|
|
||
|
|
|
|
|
|
||
|
|
|
|
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу |
||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей 2021 жылғы 22 шілдеден ерте емес және 24 шілдеден кешіктірмей (37-б. 3-т.) |
|
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау
|
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 25 маусым 2021 жылы жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (40-б. 1-т.) |
|
|
24.Дауыс беруді өткізу |
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Сайлау күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) |
|
|
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады
(18-б. 8-тармақша. 43-б.) |
|
|
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) |
|
|
27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну
|
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.) |
|
|
28. Әкім сайлауының қорытындыларын анықтау
|
||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткеннен кейін үш күннен кешіктірмей 2021 жылғы 28 шілдеден кешіктірмей (113-10-б. 1 т.) |
|
|
29. Әкім сайлауының қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей 2021 жылғы 28 шілдеден кешіктірмей (44-б.) |
|
|
30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру |
||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде Сайланған әкімдерден жеті күн мерзімде Конституцияға және сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерін доғару туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін 2021 жылғы 31 шілдеден кешіктірмей (45-б. 3 т. 46-б. 3 т 113-11б. 1 т)
|
|
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.