Жаңақала аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қорытынды хабары

Жаңақала аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қорытынды хабары

 

2022 жылғы 22 мамырда Жаңақала ауданының Жаңақазан ауылдық округі әкімінің сайлау округі бойынша сайлауы өтті.

Жаңақала аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жаңақала ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Жаңақазан сайлау округі

Жаңақазан ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1312 азамат енгізілді. Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

С.Б.Губашев – 604; А.С.Серікқалиев – 175; М.Е. Хайруллин –147.

Жаңақазан ауылдық округінің әкімі болып Губашев Садуахас Булатович тіркелді -  1967 жылы туған. Жұмыссыз. БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақазан ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсынған. «Аманат» партиясының мүшесі. Ұлты қазақ.

 

Жаңақала аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
17 марта 2025