Пятимар ауылдық округ әкімдігіне кандидаттарды тіркеу туралы хабар 03.09.2023
Жаңақала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасындағы Заңының 113-5 бабына сәйкес, 2023 жылғы 03 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы бойынша Пятимар ауылдық округі әкімдігіне кандидат болып тіркелді:
- Еслямгалиев Ерсайын Койшекенович - 1965 жылы туған. «ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» Акционерлік қоғамының «ОРАЛ» Магистральды газ құбырлары басқармасы филиалы, қалалық газ желілері, газ тарату шаруашылықтары газ желілерін пайдалану және жөндеу қызметінің шебері болып жұмыс жасайды. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғыны. Өзін-өзі ұсынған. Ұлты қазақ. «Аманат» партиясының мүшесі.
- Жанболатов Теңел Жанболатұлы - 1995 жылы туған. «Көпжасар ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Көпжасар ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсынған. Ұлты қазақ.
- 3. Рамазанов Бауыржан Сакенович - 1964 жылы туған. Уақытша жұмыссыз. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғыны. Өзін-өзі ұсынған. Ұлты қазақ.
- Хайруллин Мейрамбек Ерланұлы - 1994 жылы туған. «Қызылоба ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Қызылоба ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсынған. Ұлты қазақ. «Аманат» партиясының мүшесі.
Жаңақала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы