ПЯТИМАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ЖАҢАҚАЛА АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

ПЯТИМАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ЖАҢАҚАЛА АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес 2023 жылғы 24 қыркүйек күні Пятимар ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына және 113-11-бабына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 27 қыркүйектегі №16 шешімімен Пятимар ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді:

Рамазанов Бауыржан Сакенұлы -  1964 жылы туған. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғыны. Уақытша жұмыссыз. Өзін-өзі ұсынған. Ұлты қазақ. Пятимар ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.

Дата публикации
11 марта 2025