Жаңақала ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін
орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы, 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жаңақала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жаңақала ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.
- Жаңақала ауданы әкімдігінің «Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» 2022 жылғы 5 наурыздағы №37 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №27125 болып тіркелген).
- Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңақала ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.