ҚЫЗЫЛОБА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес 2024 жылғы 24 қараша күні Қызылоба ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына және 113-11-бабына сәйкес ауданның аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 28 қарашадағы №14 шешімімен Қызылоба ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді:
Серіков Теміржан Серікұлы - 1975 жылы туған. Жұмыссыз Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Қызылоба ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды. Қызылоба ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы