ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

2024 жылғы 24 қарашада Жаңақала  ауданы Қызылоба ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44- бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жаңақала ауданының Қызылоба ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 860 азамат енгізілді, оның – 719 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 27, «Барлығына қарсы» - 2.

Әр бір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Бердигалиев Н.С. - 293 (42,4%)

Еслямгалиев Д.М. - 98 (14,2%)

Сериков Т.С. - 299 (43,4%)

Қызылоба ауылдық округінің әкімі болып Сериков Темиржан Серикович - 1975 жылы туған. Жұмыссыз. Жаңақала ауданы Қызылоба ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.

 

 

Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
24 ноября 2024