2024 жылғы 24 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы  Батыс Қазақстан  облысы Жаңақала ауданының Қызылоба ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты Қызылоба ауылдық  округі әкімі лауазымына кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының аумақтық сайлау  комиссиясы

 

Территориальная избирательная комиссия  Жангалинского района Западно- Казахстанской области

ШЕШІМ

 

              РЕШЕНИЕ

 

  

08.11.2024 жыл _№___10____

 

   Жаңақала ауылы                                                                                       село Жангала

 

2024 жылғы 24 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы  Батыс Қазақстан  облысы Жаңақала ауданының Қызылоба ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты Қызылоба ауылдық  округі әкімі лауазымына кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу туралы

    

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, 28-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/198 «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Жаңақала ауданының аумақтық сайлау  комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. 2024 жылғы 24 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Қызылоба ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты ағымдағы жылғы 18 қараша күні сағат 12-00-де Қызылоба ауылындағы ауылдық мәдениет үйінің көрермен залында (келісім бойынша) кандидаттардың сайлауалды пікірсайысы өткізілсін.
  2. 2024 жылғы 24 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Қызылоба ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу жөніндегі жоспары бекітуге ұсынылсын (1-қосымша).
  3. Осы шешім Қызылоба ауылдық округі әкімінің сайлауына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізілсін.
  4. Осы шешім Жаңақала ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында жариялансын.
  5. Осы шешімнен туындайтын ұйымдастыру шараларының орындалуын бақылау Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төраға орынбасары Е.Еслямовқа жүктелсін.
  6. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Комиссия төрағасы                                             Д.Бактигереев

Дата публикации
12 ноября 2024