Жаңақала ауданы әкімінің хабары

Жаңақала ауданы әкімінің хабары

 

1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабы, 5-тармағына сәйкес және 2024 жылғы 24 қазанға тағайындалған Қызылоба ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясының негізгі іс-шараларын өткізудің мерзімдері туралы қаулысына сәйкес, Жаңақала ауданының әкімдігі сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды жариялайды.

Жаңақала ауданы аумағында сайлау учаскелері:

№ 129 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Қызылоба ауылы, Құрманғазы көшесі 1, «Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Қызылоба ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

Шекаралары: Қызылоба ауылы, Өтемісов, Шәкір Жексенбаев, Абай, Сейтқали Меңдешев, Шәріп Майшин, Құрманғазы, Есен Орақбаев, Хамза Есенжанов, Қайырқұл Мералиев, Бисен Жанекешев, Жұбан Молдағалиев, Исатай Тайманов, Шамшырақ, Байтерек көшелері және  Мырзағай 1, Мырзағай 2, Қарамола, Хафиз, Тоқтықұдық, Жантума 1, Жантума 2, Арыстанбек қыстаулары.

№ 130 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Жангелді ауылы, Жангелді көшесі 12, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жаңақала ауданы білім беру бөлімінің «Жангелді бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты.

Шекаралары: Жангелді ауылы, Құлпытас, Бесапан, Сатыморын, Шымқұдық, Талсай-1, Талсай-2, Лагерь, Жаңаорын, Көшіморын, Тама, Құбаш, Бақша қыстаулары.

№ 131 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Айтпай ауылы, Айтпай көшесі 1, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жаңақала ауданы білім беру бөлімінің «Айтпай бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты.

Шекаралары: Айтпай ауылы, Бөгет, Құмырзақ, Шетен, Тайпақ, Өркен, Жасқайрат, Мақсот, Боз-Оба, Ибрайым, Малақай қыстаулары.

Дата публикации
22 октября 2024