|
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы
|
|
Территориальная избирательная комиссия Жангалинского района Западно- Казахстанской области
|
_____________№ 7
16.10.2024 жыл
Жаңақала ауылы село Жангала
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Қызылоба ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармағына, 113-1-бабының 1 тармағы 1) тармақшасына және 2 тармағына сәйкес Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Қызылоба ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылғы 24 қарашаға тағайындалсын.
- 2024 жылғы 24 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Қызылоба ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Осы қаулының көшірмесі Жаңақала ауданының әкіміне жолдансын.
- Осы қаулы Жаңақала ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және сайлау болатын күн туралы хабар аудандық «Жаңарған өңір» қоғамдық – саяси газетінде жариялансын.
Ауданның аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Д.Бактигереев