Тіркеу қорытындылары туралы
Жаңақала ауданының ауылдық әкіміне кандидаттар
23.08.2024
Жаңақала ауданында ауылдық округ әкімінің сайлауы 2024 жылғы 15 қыркүйекке Мәстексай ауылдық округіне тағайындалды.
Мәстексай ауылдық округінің әкімі өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты сайланады.
Барлығы 3 кандидат ұсынылды, оның 2 - і (66,7%) - өзін-өзі ұсынумен, 1-і «AMANAT» партиясымен (33,3%).
Орташа бәсекелестік 3 адам.
3 үміткердің де сәйкестігі анықталды. 2 үміткер өзін-өзі ұсыну кезінде қолдау үшін қажетті қол жинады.
3 үміткердің барлығы ер адамдар.
3-і де жұмыс істеп тұрған мемлекеттік қызметшілер болып табылады.
Барлық кандидаттар "Болашақ" түлектері болып табылмайды.
Орташа жасы 37 жас, ал ең жасы - 25 жас (Рахим Көсем Жандосұлы) ең жасы үлкені- 55 жас (Тлепбергенов Ержан Нагимович).
Ағымдағы жылдың 23 тамыздағы жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді (100%).
Анықтама: Ең көп сайлаушылардың саны №132 Мәстексай сайлау учаскесінде.
Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы