ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-3 бабына сәйкес, 2024 жылдың 15 тамыз күні Мәстексай ауылдық округі әкіміне үміткер болып өзін-өзі ұсынумен Рахим Көсем Жандосұлы аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылының тұрғыны. 2020 жылы Астана унверситетін бітірген, мамандығы- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру. Қазіргі уақытта Жаңақазан ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман болып жұмыс жасайды.
2024 жылдың 15 тамыз күні Мәстексай ауылдық округі әкіміне үміткер болып өзін-өзі ұсынумен Жақсыбаев Аманкелді Талғатұлы аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Бірлік ауылының тұрғыны. 2014 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін бітірген, мамандығы- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы. Қазіргі уақытта Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман болып жұмыс жасайды.
2024 жылдың 19 тамыз күні Мәстексай ауылдық округі әкіміне үміткер болып «AMANAT» партиясының ұсынумен Тлепбергенов Ержан Нагимович аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақала ауылының тұрғыны. 1995 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, 2004 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазакстан Мемлекеттік Университетін бітірген, мамандығы- Инженер-Механик және жоғары кәсіби білімді тарих, құқық және экономика негіздері пәндерінің мұғалімі. Қазіргі уақытта Мәстексай ауылдық округінің әкімі болып жұмыс жасайды.