Жаңақала ауданы әкімінің хабары
1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабы, 5-тармағына сәйкес және 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Мәстексай ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясының негізгі іс-шараларын өткізудің мерзімдері туралы қаулысына сәйкес, Жаңақала ауданының әкімдігі сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды жариялайды.
Жаңақала ауданы аумағында сайлау учаскелері:
№ 132 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Мәстексай ауылы, Б.Момышұлы көшесі, 1/1, Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Мәстексай ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
Шекаралары: Мәстексай ауылы, Шомбал, Бердібек, Неғмет, Шаекен, Жанке, Өтебай, Саралжын, Ащықұдық, Көккөз-1, Көккөк-2, Көккөз-3, Бостыбай, Жанту, Қоңырқұдық, Қисық қыстаулары.
№ 133 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Мұқыр ауылы, М.Сидеғалиев көшесі, 22, "Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы білім беру бөлімінің "Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Мұқыр ауылы, Жаңаорын, Шүңкелдек, Бөрдей, Кердері, Қарақоға, Көкмола, Саржан, Байсұлтан, Наз, Қоскөл-1, Қоскөл-2, Қойтоғыт, Жылқыбай, Шанбай, Шаншар, Қармақ-Атан, Құлынбет қыстаулары.