Конкурстық (тендерлік) құжаттама

Конкурстық (тендерлік) құжаттама

 

Жаңақала ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Жаңақала ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 10 мамырдағы № 101 қаулысы негізінде, ҚР Экологиялық кодексінің 367-бабына және Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 508 бұйрығына сәйкес, қатты тұрмыстық қалдықтар жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын қатты тұрмыстық қалдық нарығына қатысушыларды айқындау бойынша конкурс (тендер) өткізеді (бұдан әрі – конкурс (тендер), конкурсқа (тендерге) қатысуға өтінімдер ҚР, БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Халықтар достығы көшесі №42 мекенжайы бойынша Жаңақала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ғимаратында қабылданады, өтінімдерді қабылдаудың басталуы және аяқталуы 26.07.2024-15.08.2024 ж. Жаңақала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ғимаратында: ҚР, БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Халықтар достығы көшесі №44 мекенжайында 16.08.2024 жыл 10.00 сағат конкурс (тендер) өтеді.

Конкурсқа (тендерге) қатысу үшін конкурстық (тендерлік) өтінімдерге қойылатын талаптар:

ҚТҚ тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған көлік құралдарының болуы:

- арнайы жабдықталған көлік құралы (қоқыс таситын көлік) 1 бірліктен кем емес;

- көлік құралы (эксковатор-тиегіш) кемінде 1-бірлік;

- көлік құралы (борттық) кемінде 1-бірлік;

- бульдозер кемінде 1-бірлік;

- автогрейдер кемінде 1-бірлік;

- қоқыс контейнерлері- кемінде 60 шт.

        

Коммуналдық қалдықтарды жинауға және тасымалдауға қойылатын талаптар:

1) ҚТҚ иелерімен шарттар жасасуға;

2) коммуналдық қалдықтарды әкету Тапсырыс берушімен келісілген кесте бойынша жүзеге асырылады;

3) персонал еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жеке қорғану құралдарымен (қолғап, мамандандырылған киім, қорғаныш көзілдірік, аяқ киім және қажет болған жағдайда респираторлар) қамтамасыз етілуге тиіс.

4) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат беруге міндетті;

5) сапасыз көрсетілген қызметтер жағдайында анықталған кемшіліктерді өз күшімен жоюға құқылы. Егер Тапсырыс берушінің қызмет көрсету сапасына қатысты қандай да бір талаптары немесе Орындаушының оларды көрсетпеуі болған жағдайда, бұл фактілер жазбаша шағыммен және Тапсырыс беруші Орындаушының өкілімен жасаған актімен расталуға тиіс. Орындаушының актісіне қол қоюдан бас тартылған жағдайда, Тапсырыс беруші бұзушылықты көрсете отырып, Орындаушының атына жазбаша шағым жіберуге міндетті;

6) көрсетілген қызметтер үшін есептеу мәселелері бойынша халықты қабылдау үшін Орындаушының абоненттік бөлімімен жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге;

7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы экологиялық заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.

 

Қатысушы келесі құжаттарды ұсынуға міндетті:

- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

- кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеу туралы куәліктің көшірмесі не (немесе) ҚТҚ саласындағы қызмет бойынша растаушы құжаттар;

- талапта көрсетілген көлік құралдарының растаушы құжаттарының (техникалық паспорттардың) көшірмелері, контейнерлердің болуы;

Дата публикации
19 июля 2024