Жаңақала ауданы әкімінің аппараты» ММ, дербес бөлімдер және «Ауылдық округ аппараты» ММ мен оған бағынысты ұйымдарында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

«Жаңақала ауданы әкімінің аппараты» ММ, дербес бөлімдер және «Ауылдық округ аппараты» ММ мен оған  бағынысты ұйымдарында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

24 маусым 2024 жыл                                                          Жаңақала ауданы

 

Талданатын объект туралы мәлімет: «Жаңақала ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Аппарат). Мекенжайы: БҚО,  Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Халықтар Достығы көшесі 44.

Жаңақала ауданы әкімі аппараты басшысының 13.05.2024 жылғы  №14 бұйрығы негізінде Аппарат қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды Жаңақала аудан әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі және құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маман-заңгері А.Рысқалиева жүргізді.

         Талданатын кезең: 18.10.2023 ж. - 21.06.2024 ж.

Талдау кезеңі: 21 мамыр – 21 маусым 2024 ж.

Аппарат 3 бөлімнен тұрады: Аудан әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі және құқықтық жұмыстар бөлімі, Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және талдау бөлімі, Аудан әкімі аппаратының бақылау, құжаттамалық қамту және қаржылық - шаруашылық жұмыстары бөлімі.

  1. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін анықтау.

Аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны - 13, соның ішінде 12 бірлік мемлекеттік қызметші, 1 бірлік аудан әкімі - саяси қызметші.

Талдау кезеңінде атқарып отырған лауазымынан босатылған                       8 мемлекеттік қызметшілер, таза ауысушылық 2.

Тәртіптік жауапкершілікке  тартылған 7 мемлекеттік қызметшілер.

Талдау кезеңінде жалпы конкурс қорытындысы бойынша:

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға 18 жалпы конкурс өтті (оның ішінде үміткерлер болмағандықтан 8 конкурс өтпеді деп саналды), Жалпы конкурс бойынша 10 адам қабылданды.

9 Ішкі конкурс өтті (оның ішінде үміткерлер болмағандықтан 6 конкурс өтпеді деп саналды). Ішкі конкурспен 3 адам қабылданды.

Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде аффилирлену фактілері, сондай-ақ олардың жақын туыстары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты адамдардың мемлекеттік лауазымдарға орналасу фактілері орын алған жоқ.

Жаңақала ауданының жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарының                   мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сақталуда.

Жаңақала ауданының жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарының                   мемлекеттік қызметшілерін кадрлық тағайындау ҚР БП ҚС ж АЕ АК және Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы тексеру жүргізгеннен кейін заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

Жаңақала ауданының жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарының                   мемлекеттік қызметшілерімен акциялар, пайлар, жеке кәсіпкерлікпен айналысу фактілері орын алған жоқ.

Жаңақала ауданының жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарында                   коммерциялық ұйымдардың құрылтайшылары болып табылатын, сондай-ақ осы ұйымдардың басқару органдарының құрамына кіретін мемлекеттік қызметшілер жоқ.

Талданып отырған кезеңде Жаңақала ауданының жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар жасау фактілері орын алған жоқ.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталмады.

«Б» корпусының бос әкімшілік лауазымына орналасуда конкурсты өткізу рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету.

Талдау кезеңінде 9 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға ішкі конкурс жарияланып, оған 4 кандидат қатысып, нәтижесінде 2 қызметші
бос лауазымдарға тағайындалған, жарияланған 2 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға, кандидаттардан құжаттар түспеуіне байланысты конкурс өткізілмеген болып танылған.

Ұсыным: кадр мәселесі бойынша жауапты мамандарды мемлекеттік қызмет туралы заңнама нормаларын түсіндіру бойынша оқытуды ұйымдастыру.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұдайы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

Бақыланатын кезеңде «Ашық әкімдік» арқылы 1874 қызмет көрсетілді.

Соның ішінде,

  • көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 2.
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 1137.
  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) саны- 0
  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 0
  • Электрондық түрде көрсетілген қызметтер саны - 735.

Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің
саны 1.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы 10 қосымшасына «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскілеріне құқықтар алу» мемлекеттік қызмет стандартындағы мерзімнен мемлекеттік қызмет 1 күнге кешіктіріліп берілген.

Нәтижесінде, Қызылоба ауылдық округі әкімі А.Жумагазиев әкімшілік жауапкершілікке тартылып, аталған тұлғамен 55380 теңге айыппұл төленген (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 465-бабымен көзделген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын бұзу фактісі).

Ұсыным: жауапты мамандарға мемлекеттік қызметтер бойынша оқытуды ұйымдастыру.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

            Ережеге сәйкес аппаратта рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.

Жаңақала ауданы әкімі аппараты басшысының «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау жоспарын бекіту туралы» 2022 жылғы 2 желтоқсан күнгі №44 бұйрығына сәйкес 2023 жылдың 4 тоқсан есептік (қазан-желтоқсан) кезеңінің желтоқсан айында «Жаңақазан ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-де мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау мақсатында ішкі бақылау жүргізілді. Ішкі бақылау барысында кемшіліктер анықталмады.

Жаңақала ауданы әкімі аппараты басшысының «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау жоспарын бекіту туралы» 2023 жылғы 11 желтоқсан күнгі №38 бұйрығымен 2024 жылға «Жаңақала аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі» ММ, «Жаңақала аудандық экономика және қаржы» ММ (1 тоқсан); «Пятимар ауылдық округі әкімі аппараты» ММ (2 тоқсан); «Қызылоба ауылдық округі әкімі аппараты» ММ (3тоқсан); «Бірлік ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, «Жаңақала аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ (4 тоқсан) ішкі мемлекеттік бақылау жоспары бекітілген болатын.

Жаңақала ауданы әкімі аппараты басшысының «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау жоспарын бекіту туралы» 2023 жылғы 11 желтоқсан күнгі №38 бұйрығына сәйкес 2024 жылдың қаңтар айында «Жаңақала аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі» және «Жаңақала аудандық экономика және қаржы» ММ-де БҚО департаментінің мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасы мамандарының қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау мақсатында ішкі бақылау жүргізілді. Жүргізілген ішкі бақылау барысында мемлекеттік мекемелерге көрсетіліп отырған қызметтері бойынша бірқатар жіберілген кемшіліктер бойынша ұсынбалар беріліп, ұсынба бойынша орындалғандығы жөнінде ақпарат алынды.

Сонымен қатар, 2024 жылдың қаңтар айында БҚО департаментінің мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасы мамандарының қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша аудан әкімдігіне қарасты дербес мекемелер арасында кеңес өткізіліп, Қоғамдық кеңес мүшесі Г.Асханбаевтың қатынасуымен Жаңақала аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы мекемесінде қоғамдық қабылдау өткізілген болатын.

https://www.instagram.com/p/C2PP_3coIlw/?igsh=ZThmaXN6ajI2MW80

https://www.instagram.com/reel/C2PW58WogYu/?igsh=bmJjNXlwd3o0N240

https://www.instagram.com/p/C2KHBfRoKEB/?igsh=amQ5bXZsODNhamM5

Анықталған кемшіліктер:

2023 жылдың қазан айында Жаңақала аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 1 жұмыс күндік мерзімінен кешіктірілген. Көрсетілетін қызметке жауапты бас маман И.Муратовқа «ескерту» түрінде тәртіптік шара қолданылды.

Жаңақала ауданы Бірлік ауылдық округі әкімі аппараты 2023 жылдың қараша айында «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскілеріне құқықтар алу» мемлекеттік қызметі бойынша мерзімі бұзылып көрсетілген болатын.  Сонымен қатар, Жаңақала ауданы жер қатынастары бөлімі «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызметі бойынша қараша-желтоқсан айларында 1-2 күндік мерзіммен кешіктіріп көрсетілген.  Аталған қызметтер бойынша мерзімі бұзу факторлары анықталып отырған мекемелердегі жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төленді (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 465-бабымен көзделген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын бұзу фактісі).

Ұсыныс: - мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің бұзылуына жол берілмеуін қатаң бақылауға алу;

- ай сайын және тоқсан сайын тапысырылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің есебі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген нысанда сапалы түрде тапсыру.

- бір мемлекеттік қызметке қабылдау барысында екі өрескел қателік жіберіп отырған жауапты бас маманды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін қарастыру алдағы уақытта бұндайға жол берілмеуін қатаң бақылауға алу. Мемлекеттік қызметті қабылдар алдында қағидасымен танысып алу.

- Оқыту семинарларын ұйымдастыру.

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

Аппаратта талдау жүргізілген бақыланатын кезеңде бекітілген жоспарға сәйкес 143213 теңге қарастырылды, игерілгені 143213 мың теңге немесе 100% құрады.

Талдау жүргізу барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

         Талданып отырған кезеңде аппаратта жалпы сомасы 47412,02 мың теңгеге 147 мемлекеттік сатып алу жүргізді. Оның 2 сатып алу шарты бұзылды. Келесі тәсілдермен сатып алулар жүргізілді:

         1) ашық конкурс 3424,0 мың теңге сомасына 1 сатып алу;

         2) баға ұсыныстарын сұрау 10494,0 мың теңге сомасына 94 сатып алу;

         3) бір көзден 15230,0 мың теңге сомаға 19 сатып алу шартын тікелей жасасу арқылы;

        4) өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден 10402,0 мың теңге сомаға 23 сатып алу;

5) негіздік келісімді қолдану арқылы байқаудың екінші кезеңі бойынша 7861,57 мың теңге сомаға 10сатып алу жүргізілген.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Басшылық және мекеме қызметкерлері тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мүдделер қақтығысы анықталған жоқ, сонымен қатар заңды тұлғалармен шарттар жасасу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Аппарат қызметкерлері жұмыс барысында төмендегі ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:

«Documentolog»  ақпараттық жүйе;

«Е-өтініш» азаматтадың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы;

«Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«E-enbek» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Парус-Каз» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Қазынашылық- клиент» ақпараттық жүйесі;

«1С-бухгалтерия» жүйесі;

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ҚР Бас прокуратурасының ақпараттық сервисі.

Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды,  сонымен қатар жүйелерді пайдалану  кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

1.Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы «Батыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жануарларды асырау қағидасын бекіту туралы» №23-4 шешімінің 6-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларын асыраудың міндетті талаптарына ауыл шаруашылығы жануарларын қараусыз қалдырмау  жатады және осы шешімнің 8-тармағына сәйкес, талапты бұзғаны үшін жеке немесе заңды тұлғалар ҚР қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 145 бұйрығының 8- тармағына сәйкес, Адамдардың сүймелдеуінсіз жүрген ауыл шаруашылығы жануарлары қараусыз жануарлар болып есептеледі және иесі анықталғана дейінуақытша ұстау үшін қоражайларға айдауға жатады.

Ұсталған  қараусыз жануарларды ұстау, иелеріне қайтару тәртібі және иелерінің жауапкершілігі ҚР Азматтық кодексінің 246- бабына сәйкес айқындалады.

246-бап. 1. Қараусыз немесе қаңғып жүрген малды және басқа да үй жануарларын немесе қолға үйретiлген жануарларды ұстап алған адам оларды меншiк иесiне қайтаруға, ал егер оның өзi немесе тұрған жерi белгiсiз болса, осындай жануарларды ұстаған кезден бастап үш күннен кешiктiрмей табылған жануарлар туралы iшкi iстер органдарына немесе республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына мәлiмдеуге мiндеттi, олар меншiк иесiн iздестiру шараларын қолданады.

Жануарлардың меншiк иесiн iздестiру кезеңiнде жануарларды ұстаушы адам оларды өзiнiң бағуында және пайдалануында қалдыруы, не ол бағу мен пайдалану үшiн қажеттi жағдайы бар басқа адамға тапсыруы мүмкiн. Жануарларды ұстап алған адамның өтiнiшi бойынша оларды бағу мен пайдалану үшiн қажеттi жағдайы бар адамды iздеп табуды және оларға жануарларды жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

  1. Жануарларды ұстап алған адам және олар бағуы мен пайдалануына берiлген адам жануарлардың өлiм-жiтiмi мен iске жарамай қалғаны үшiн бұған кiнәсi болған кезде ғана және сол жануарлардың құны мөлшерiнде жауапты болады.
  2. Егер жұмыс малы мен iрi қараны ұстап алғаны туралы мәлiмделген кезден бастап алты ай iшiнде және басқа үй жануарлары жөнiнде - екi ай iшiнде олардың меншiк иесi табылмаса және оларға өзiнiң құқығы туралы мәлiмдемесе, бұл жануарларға меншiк құқығы жануарларды баққан және пайдаланған адамға көшедi.

Бұл адам бағуында болған жануарларды меншiгiне алудан бас тартқан жағдайда олар коммуналдық меншiкке түседi және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тиісті жергілікті атқарушы органдары белгiлейтiн тәртiп бойынша пайдаланылады.

  1. Жануарларды меншiк иесiне қайтарған ретте жануарларды ұстап алған адам және жануарларды бағып, пайдаланып келген адам сол меншiк иесiнен жануарларды пайдаланудан алынған пайданы есепке жатқыза отырып, оларды бағуға байланысты өз шығындарына өтем алуға құқылы.
  2. Қараусыз немесе қаңғып жүрген малды және басқа да үй жануарларын немесе қолға үйретiлген жануарларды ұстап алған адам олардың меншiк иесiнен осы Кодекстiң 245-бабының 6-тармағына сәйкес сыйақы төлеудi талап етуге құқылы.
  3. Жануарлар басқа адамның меншiгiне көшкеннен кейiн олардың бұрынғы меншiк иесi келген ретте сол жануарлардың өзiне үйiрсектiгi сақталғанын немесе жаңа меншiк иесiнiң оларға қатал не өзгедей мейiрiмсiз қарағанын дәлелдейтiн жағдайлар болған кезде меншiк иесi жаңа меншiк иесiмен келiсiм бойынша белгiленетiн шарттармен, ал келiсiмге келмеген кезде - сот арқылы оларды өзiне қайтарып берудi талап етуге құқылы.

245-бабы, 6-тармағы. Затты тауып алушы затты алуға заңды құқығы бар адамнан зат құнының отыз процентi мөлшерiнде сыйақы алуға құқылы. Егер табылған зат оны алуға заңды құқығы бар адам үшiн ғана құнды болса, сыйақының мөлшерi тараптар есептеп шығарған баға бойынша белгiленедi.

Егер затты тауып алушы өзiнiң олжа туралы мәлiмдеу мiндетiн орындамаса немесе олжаны жасырып қалуға өзге де әрекеттер жасаса, сыйақы алу құқығы туындамайды.

Тәуекел факторы: қараусыз жүрген мал үй жануарларын ұстап алған адам, мал иесі табылып іздеп келген кезде, оның бағылуына кеткен шығындарына өтем алуға құқылы. Алайда, ол өтем төлемі қанша болатыны және  қандай өлшем тәртібімен реттеліп негізделетіні жөнінде норма талабы көрсетілмегендітен тәуекел факторын туғызады.

Ұсыныс: Қараусыз жүрген малдарға қатысты заңнама талаптарының нақтыланып өзгеріс енгізілуіне ұсыныс жазу БҚО әкімі аппаратына.

«Жаңақала ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 

2024 жылғы 13 мамырдағы Жаңақала ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының №10 бұйрығы негізінде, «Жаңақала ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды Жаңақала ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Қ.Нұғманов жүргізді.

  1. Персоналды басқарумен, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін айқындау.

Бөлімнің мемлекеттік қызметшілердің штат саны 4 бірлік, нақты саны 4.

2023 ж. 23 қазанынан бастап бас маман И.Мұратовтың ҚР Қорғаныс министрлігіне әскери қызметке шақырылуына байланысты бас маман лауазымы босады. 2023ж. 01 желтоқсанынан бастап бас маман Ж.Мәжитова өз өтінішімен жұмыстан шығып, бас маман лауазымы босады.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 15-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу жергілікті өкілді органдар тағайындаған немесе сайлаған жағдайларды қоспағанда, конкурстық негізде жүзеге асырылады.

«Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына сәйкес «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізіледі.

2023 жылғы 24 қарашада «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңы 15- бабының 6-тармағы, 4) тармақшасына және 19- бабының 2-тармағына сәйкес «Б» корпусының бас маман бос әкімшілік лауазымына конкурс өткізілместен Нұғманов Қайсар Сатжанұлы қабылданды.

Жаңақала ауданының әкімдігі Ережеге сәйкес мемлекеттік қызметшінің бос лауазымына конкурс ұйымдастырып, Жаңақала аудандық бірыңғай конкурстық комиссия отырысының 2023ж. 7 желтоқсандағы №3 хаттамасы негізінде бас маман бос әкімшілік лауазымына Зинекешова Ақжаркын Асқарбекқызы қабылданды.

 Талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық үшін жауапқа тартылған адамдар болған жоқ.

Өткізілген кезеңде тәртіптік жаза фактілері болған жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талдау жасалған кезеңде 74  мемлекеттік қызмет көрсетілді:

Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында  көрсетілген қызметтің мерзімінің бұзылуына байланысты қызмет көрсетуші бас маман И.Мұратовқа 20.10.2023ж №44/1 ескерту түріндегі тәртіптік жаза берілді.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 21-бабына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша және Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді орналастыру арқылы ұсынылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру нысандарының үлгілері ақпараттық стендте толық орналастырылған. Осыған байланысты көрсетілетін қызметті алушыны толық хабардар етпеу қаупі болған жоқ.

Заңның 5-бабы 2-тармағының 6-тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға міндетті. Бас маман Қ.Нұғманов 2024ж 08-26 сәуір күндері қайта даярлау курсынан өтті. Курстарды жоғарылату сертификаты бар. Осылайша, қызметкер мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыру туралы заңның баптарын сақтады және оның жұмысы сыбайлас жемқорлық тәуекелімен байланысты мемлекеттік қызметті уақтылы, сапалы орындауға әсер етпеді.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлімде рұқсат беру функциялары жүзеге асырылмайды.

  1. Бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ережеге сәйкес Бөлімде бақылау және қадағалау функциялары жоқ.

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

Бөлімінің 2023 жылғы бекітілген жоспарына сәйкес 42420,0 мың теңге қарастырылды, игерілгені 42416,3 мың теңге,  99.9% құрады.

Бөлімінің 2024 жылғы 6 айына  бекітілген жоспарына сәйкес 14930,0  мың теңге қарастырылды, игерілгені 14156,0  мың теңге,   99% құрады.

Өз қызметінде «Жаңақала ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

Талдау кезеңінде бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлыққа құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық нормалар болуына талдау жасалды.

Бөлім "Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 бұйрығына сәйкес бюджеттік өтінімдерді дербес қалыптастырады.

Аталған бұйрықта, бюджеттік өтiнiмде әрбір бюджеттік бағдарламаның объективтi сипаттамалары негiзiнде жинақталған бюджеттiк бағдарламалар туралы нақты және толық ақпарат көрсетілуi тиiс.

Соның ішінде, қорлар мен негізгі құралдарды сатып алуға арналған шығыстарды жоспарлаған кезде есепке қорлар немесе негізгі құралдардың әрбір түрлері бойынша кем дегенде үш прайс-парақтар қоса берілуі тиіс.

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес,  заттай нормалар - қажетті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді тұтынудың немесе пайдаланудың заттай көрсеткіштері. Заттай нормаларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар әзірлейді және бекітеді.

ҚР Бюджеттік кодексі 04.12.2008 жылғы №95-IV заңының №66 бабына және ҚР Қаржы министрінің 24 қараша 2014 жылғы №511 бұйрығына сәйкес, Жаңақала аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі ММ-нің 2025-2027  жылдарға арналған бюджеттік өтінімі 04.05.2024ж №1.1-16/42 шығыс хаты негізінде аудандық экономика және қаржы бөліміне ұсынылды.

Талдау жүргізу барысында анықталған бұзушылықтар жоқ:

Ұсыным: экономика және есеп саласындағы мамандарды жұмысқа тарту, бас маман-есепшілеріне тәжірибе алмасу курстарын ұйымдастыру.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талдау жасалған кезеңде  бөлім бекіткен жалпы сомасы 2 719.9 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес 45 шарт жасалды, оның ішінде:

- баға ұсынысы арқылы 25 шарт – 1 142.5 мың тенге:

         - бір көзден тікелей сатып алу тәсілімен -2 шарт – 57.5 мың теңге;

- бір көзден өткізілмеген сатып алу бойынша 12 шарт – 499.8 мың тенге;

- негіздемелік келісімді пайдалана отырып конкурстың екінші кезеңі 3 шарт – 1020.5 мың тенге;

Жосықсыз әлеуетті өнім берушімен бұзылған келісім шарт болған жоқ.

Екі жақты келісіммен  бұзылған 1- келісім шарт- 50,0 мың теңге;

Талдау барысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының талаптарын бұзу анықталған жоқ.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдаланумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдаланумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талданып отырған кезеңде бөлімге жеке және заңды тұлғалардан 8 өтініш түсті, соның ішінде: 

7- ауыл шаруашылығы туралы,  1- аграрлық саясат бойынша.

Сондай-ақ, өтініштерді карастыру бойынша мемлекеттік қызметшінің іс-әрекетіне шағымдану фактілері болмады.

БАҚ-тагы және басылымдар мен жарияланымдарға мониторинг жүргізу барысында Бөлімінің қызметкерлеріне қатысты жағымсыз материалдар анықталган жоқ.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (бұдан әрі-Қағида) 50-1 тармағына сәйкес, бөлшек сауда стационарлық, стационарлық емес сауда объектілері және сауда базарлары арқылы жүзеге асырылады.

Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) бағыттарын жергілікті атқарушы органдар бекітеді.

Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) бағыттарын айқындаған кезде олардың нақты орналасу орны, бағытының схемасы, алатын алаңы, бір жылдан кем емес және бес жылдан аспайтын сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері) ескерілеген қызмет саласы көрсетіледі.

Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) бағыттарын бөлу кәсіпкерлік субъектілердің өтінімдері бойынша жүзеге асырылады және жергілікті атқарушы органдар оны конкурстық негізде өткізеді. Конкурс, өтінімдер қабылдау шарттарын, бөлінетін орындар санын, орналасқан орнын, бағыттарын, бөлінетін алаңды, орналасу кезеңін жергілікті атқарушы органдар өздерінің ресми сайттарында конкурс өткізгенге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей жариялайды.                   Алайда, стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және бағыттарын бекітуде Қағиданың талаптары сақталмай қабылданған.

Сөйтіп, жергілікті атқарушы органдардың әрекетсіздігі нәтижесінде кәсіпкерлер сауданы стационарлық емес сауда объектілерінде жүзеге асыру мүмкіндіктерінен айырылып отыр.

Ұсыным: аудан әкімдігінің стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және бағыттарын бекіту туралы қаулыны заңға сәйкестендіру.

 

 

«Жаңақала ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 

2024 жылғы 13 мамырдағы Жаңақала ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының №1.1-16/13/1 бұйрығы негізінде, «Жаңақала ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды Жаңақала ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Д.Жарасов жүргізді.

  1. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін анықтау.

Талданған кезеңде кадрлардың ауысуы: «Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 4(төрт) мемлекеттік қызметкер: Бөлім басшысы, 2 (екі) бас маман, 1 (бір) бас-маман есепші (лауазымы бос).

Бақыланған кезең бойынша ескерті түрінде тәртіптік жаза берілмеді. 17.11.2023ж 09-к бұйрығымен 2023 жылдың 20 қараша айынан бастап бөлімнің бас маман – есепшісі А.Бисекешов жұмыстан босатылды.

Тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер болмады.

Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде аффилирлену фактілері, сондай-ақ олардың жақын туыстары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты адамдардың мемлекеттік лауазымдарға орналасу фактілері орын алған жоқ.

Талданып отырған кезеңде басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар жасау фактілері орын алған жоқ.

         «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталмады.

Талданып отырған кезеңде  мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік шара  қолданылмады.

         Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу мәселелері ашық жүргізіледі. Талдау кезеңінде қызметкерлер тарапынан шағымдар болған жоқ.

 

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұдайы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

Қазіргі таңда бөліммен  1315 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

1) «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақттардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу,куәлік беру»;

2)«Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

3)«Мүгедектігі бар адамдарды техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

4) «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

5) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

6) Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат беру;

7) «Мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұрудың құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

8) «Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

9) «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу»;

10) «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»;

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 Ережеге сәйкес бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.

 Ережеге сәйкес бөлімде бақылау және қадағалау функциялары жоқ.

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

Аппаратта талдау жүргізілген кезеңде 2023(қазан,қараша,  желтоқсан)-2024 жылға (қаңтар,ақпан,наурыз,сәуір,мамыр)  бекітілген жоспарына сәйкес 285041,0 мың теңге игеріліп  99,9 % құрады.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

Талданып отырған кезеңде бөлім жалпы сомасы 14136656,0 мың теңгеге 178 мемлекеттік сатып алу жүргізді. Оның ішінде келесі тәсілдермен:

 1) баға ұсыныстарын сұрау 10882923,0 мың теңге сомасына 101 сатып алу;

 2) бір көзден 1474466,0 мың теңге сомаға 28 сатып алу шартын тікелей жасасу арқылы;

3) өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден 390270,0 мың теңге сомаға 49 сатып алу.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Басшылық және мекеме қызметкерлері тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мүдделер қақтығысы анықталған жоқ, сонымен қатар заңды тұлғалармен шарттар жасасу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Бөлім қызметкерлері жұмыс барысында төмендегі ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:

«Documentolog»  ақпараттық жүйе;

«Е-өтініш» азаматтадың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы;

«Е-Собес» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Е-Халық» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«ИРС» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Е-Акимат» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Еңбек нарығы» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

 «Қазынашылық- клиент» ақпараттық жүйесі;

«1С-бухгалтерия» жүйесі;

Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды,  сонымен қатар жүйелерді пайдалану  кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

  Талданып отырған кезеңде бөлімде жеке және заңды тұлғалардан барлығы 24 өтініш келіп түсті.

 Сұрақтардың сипаты бойынша өтініштер келесі негізгі топтар бойынша құрылады:

- оқуға шақыру мәселелері бойынша;

- мүгедектігі бар адамдар үшін тауарлар ақысын төлеу бойынша;

- жылжымайтын мүліктің ауыртпалығын алып тастау бойынша;

- әрекетке қабілетсіз қамқоршылыққа алу бойынша.

Талдау барысында  өтініштердің  жауаптарында Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жауаптар берілген.

 

 

«Жаңақала аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 

2024 жылғы 13 мамырдағы Жаңақала аудандық экономика және қаржы бөлімі  басшысының №40 бұйрығы негізінде, «Жаңақала аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі-Бөлім) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша Жаңақала аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы А.Ғалиева жүргізді.

  1. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін анықтау.

Бөлімінің мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны-5, нақты саны - 5.

Жаңақала  аудандық  экономика және қаржы бөлімінде талданған кезеңде жұмыстан босатылғандар болған жоқ.

Барлық мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді және жоғары білімдері бар. Бөлімнің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін біліктілігін арттыру (қайта даярлау) курстарынан 2 қызметкер өтті, оның ішінде: 2 – біліктілікті арттыру.

Сондай-ақ, салық органдарына мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайларының кірістері мен мүлкі туралы декларациялардың уақтылы ұсынылды.

Жаңақала  аудандық  экономика және қаржы бөлімі қызметкерлерін кірістері мен мүлкі туралы декларацияларда дұрыс емес мәліметтер және өзге де сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар ұсынғаны үшін тәртіптік немесе қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілері жоқ.

Талдау кезеңінде тәртіптік жауапкершілікке тартылған қызметкерлкр болған жоқ, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Әдеп кодексін сақтамағаны үшін мемлекеттік қызметшілерді жауапкершілікке тарту фактілері болған жоқ. Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған қызметкерлер болған жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

2023 жылдың 18 қыркүйегі мен 2024 жылдың 27 мамыр аралығында Жаңақала  аудандық  экономика және қаржы бөлімінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Кадрлармен жұмыс кезінде мүдделер қақтығысын басқару.

Жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және жұбайы) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты мемлекеттік лауазымдарға орналасу анықталған жоқ.

Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін, бөлім туралы ережелерді зерделеу арқылы бөлімнің лауазымдық міндеттерінде мүдделер қақтығысын тудыратын міндеттері немесе жеткілікті реттелмеген функциялары анықталмағанын көрсетті.

Мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде мүдделер қақтығысын басқару.

Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ретінде мемлекеттік сатып алу рәсімін өткізу кезінде үлестестік фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығының нормаларына сәйкес жүргізіледі.

Бас маман-есепші жүргізетін Жаңақала  аудандық  экономика және қаржы бөлімінің мемлекеттік сатып алулары бекітілген жоспарға сәйкес веб-портал арқылы жүргізеді. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық-цифрлық қолтаңба қойылады.

2023 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсан аралығында мемлекеттік сатып алу порталында жалпы сомасы 18 755 676,76 теңгеге 43 мемлекеттік сатып алу шарты жасалды, оның ішінде бір көзден 6 шарт тікелей шарт жасасу жолымен 39-баптың 3-тармағының 36-тармақшасына сәйкес жасалды (тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді заңдарда айқындалған тұлғадан сатып алу).

Өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден сатып алу тәсілі бойынша  7 шарт жасалды, баға ұсынысының сұрау салуы тәсілі бойынша 18 шарт жасалды, алдын ала біліктілікті іріктеу арқылы конкурс тәсілі бойынша 1 шарт жасалды, негіздік келісімді қолдану арқылы байқаудың екінші кезеңі бойынша 3 шарт жасалды, электронды дүкен бойынша 8 шарт жасалды.

Қаржылық 2024 жылдың 1 қаңтарынан 27 мамыр аралығында мемлекеттік сатып алу порталында 19 мемлекеттік сатып алу шарты жасалды, жалпы сомасы 7 347 956,94 теңге. Оның ішінде 5 шарт тікелей жасасу жолымен бір көзден алынған шарт:

4 шарт 39-баптың 3-тармағының 3-тармақшысына сәйкес (зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, көрсетілетін қызметтерді иеленуші тұлғадан сатып алу сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге, сондай-ақ адамнан жобалау алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттаманы түзету жөніндегі жұмыстарға қатысты айрықша құқықтармен, осы жобалау алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеген);

1 шарт 39-баптың 3-тармағының 27-тармақшысына сәйкес (монополияға қарсы органның ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқтығы туралы қорытындысы болған кезде тиісті өкілеттіктері, оның ішінде мемлекеттік органның өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында белгіленген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) бір жүз пайызы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардан, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден және өзі оларға қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік органның сатып алуы);

4 шарт 39-баптың 3-тармағының 36-тармақшасына сәйкес (Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған адамнан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу).   

Өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден 5 шарт, баға ұсынысының сұратуы бойынша 4 шарт, алдын ала біліктілікті іріктеу арқылы конкурс тәсілі бойынша 4 шарт жасалды, электрондық дүкен арқылы 3шарт жасалды, негіздік келісімді қолдану арқылы байқаудың екінші кезеңі бойынша 3 шарт жасалды.

Мемлекеттік сатып алу саласында жүйелі сыбайлас жемқорлықтың қандай да бір белгілері анықталған жоқ.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету

 

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығында тұрғын үй сатып алуға «Бюджеттік кредит» алған кезде көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың (Еңбек кітапшасының) көшірмесі сұралады.

        Ұсыныс: Еңбек қызметін растайтын құжаттың (Еңбек кітапшасының) көшірмесін enbek.kz порталы арқылы алынса сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар тәуекелдері болмайды деп есептейміз. Ол үшін «Отбасы банктің» Баспана маркет жылжымайтын мүлік порталын enbek.kz порталымен интеграциялау қажет.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Жаңақала  аудандық  экономика және қаржы бөлімінде рұқсат беру және қадағалау функциялары қарастырылмаған.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.

Жаңақала аудандық  экономика және қаржы бөлімінде бақылау функциялары қарастырылмаған.

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

Жаңақала аудандық  экономика және қаржы бөлімінің 2023 жылдың қазан,қараша,желтоқсан айларындағы қаралған қаражат соммасы 237867,3 мың теңге.Қаралған қаражат 99,8%  орындалды.

    2024 жылдың тоғыз айлықтағы бөлінген сомма 510570,0 мың теңге.Орындалған қаражат соммасы 510413,5 мың теңге. 100% орындалды.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

        Талданып отырған кезеңде Бөлім жалпы сомасы 19781264,8 мың. теңгеге 67 мемлекеттік сатып алу жүргізді. Оның ішінде келесі тәсілдермен:

1) ашық конкурс 0 мың.теңге сомасына 0 cатып алу;

2) баға ұсыныстарын сұрау 1609994,84 мың теңге сомасына 27 сатып алу;

3) бір көзден 4355967,67 мың теңге сомаға 8 сатып алу шартын тікелей жасасу арқылы;          

4) электрондық дүкен 10525537,95 мың теңге сомасына 8 сатып алу;

5) өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден 1579312,34 мың теңге сомаға 8 сатып алу;

6) алдын ала біліктілік бойынша конкурс 19781264,8 мың теңге сомаға 2 конкурс;

Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылған. Басшылық және мекеме қызметкерлер тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мүдделер қақтығысы анықталған жоқ, сонымен қатар заңды тұлғалармен шарттар жасасу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Бөлімі қызметкерлері жұмыс барысында төмендегі ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:

«Documentolog»  ақпараттық жүйе;

«Е-өтініш» азаматтадың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы;

«Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Е-қазына» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Госреестр» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«E-enbek» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Мониторинг және Мемлекеттік сатып алу бөлімінің қызметкерлері арасында құқықтық жалпы оқытулар, «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына сәйкес тауарларды сатып алудағы елішілік құндылыққа мониторинг жүргізу бойынша сапалы және толық ақпарат беру сапасын арттыру үшін ЕМС саласындағы уәкілетті органдарды тарта отырып семинарлар өткізу.

 

 

«Жаңақала аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 

2024 жылғы 10 мамырдағы Жаңақала аудандық ішкі саясат бөлімінің №10 бұйрығы негізінде, «Жаңақала аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды Жаңақала аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ж.Қ.Басирова жүргізді.

  1. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін анықтау.

Жаңақала ауданы ішкі саясат бөлімі мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны - 4, соның ішінде 4 бірлік мемлекеттік қызметші.

Тәртіптік жауапкершілікке  тартылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.

Жаңақала ауданының жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарының                   мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сақталуда.

Талданып отырған кезеңде Жаңақала ауданының жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар жасау фактілері орын алған жоқ.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталмады.

Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу мәселелері ашық жүргізіледі. Талдау кезеңінде қызметкерлер тарапынан шағымдар болған жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұдайы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету

Бөлімнің құзыретіне мемлекеттік қызмет көрсету кірмейді.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөліммен бейбіт шерулерге шығуға рұқсат беру функциясына құқылы болып табылады. Алайда талдау кезеңінде бейбіт шеруге шығу туралы өтінімдер келіп түспеді.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.

Аудандық ішкі саясат бөлімі Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің дұрыс орналасуын бақылау функциясын жүзеге асырады. Бақыланатын кезең аралығында аудан орталығындағы мемлекеттік мекемелердегі рәміздердің орналасуына мониторинг жасалды. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде кейбір мекемелерге ескерту жасалынып, түсінік жұмыстары жүргізілді.

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

Бөлімде талдау жүргізілген кезеңде 2023 жылға бекітілген жоспарына сәйкес 50 506000 теңге қарастырылды, игерілгені 50 486 000 теңге немесе 99,9% құрады. 2024 жылға бекітілген жоспарына сәйкес 50 352 000 мың теңге қарастырылды, игерілгені 17 459 000 теңге немесе 35 % құрады.

Ағымдағы жылы аудандық ішкі саясат бөлімінің жылдық бюджеті 81 млн., 385 мың теңге. Оның ішінде Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының бюджеті – 31 млн 033 мың теңге, аудандық ақпараттық саясатқа 16 млн 300 мың теңге, үкіметтік емес ұйымдарға 11 млн 100 мың теңге мемлекеттік мекеменің ақпарат шығындары 22 млн 952 мың теңге.

Жыл басында ҮЕҰ жұмыс жасату және бірқатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру мақсатында аудандық бюджеттен гендерлік саясатқа 500 мың теңге, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға 500 мың теңге, жастар саясатына 2 млн 700 мың теңге, дін саласындағы мемлекет қызметінің зайырлы қағидаттары бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуге 6 млн 710 мың теңге, «Жаңақала ауданында ардагерлердің әлеуетін арттыруға бағытталған іс шараларды өткізуге» 900 мың теңге қаржы қаралды.

Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды, сонымен қатар жүйелерді пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

Талданып отырған кезеңде Жаңақала ауданы ішкі саясат бөлімінде жалпы сомасы 27 195,3 мың теңгеге 25 мемлекеттік сатып алу жүргізді. Оның ішінде келесі тәсілдермен:

         1) ашық конкурс;

         2) баға ұсыныстарын сұрау 730 000 мың теңге сомасына 5 сатып алу;

         3) өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден 333 000 теңге сомаға 3 сатып алу;

         4) негізгі келісім бойынша (рамочные соглашение) 1 122 000 теңге суммаға 3 сатып алу.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Басшылық және мекеме қызметкерлері тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мүдделер қақтығысы анықталған жоқ, сонымен қатар заңды тұлғалармен шарттар жасасу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Аппарат қызметкерлері жұмыс барысында төмендегі ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:

«Documentolog» ақпараттық жүйе;

«Е-өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы;

«Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«E-enbek» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Қазынашылық- клиент» ақпараттық жүйесі;

«1С-бухгалтерия» жүйесі;

«К2 -бухгалтерия» жүйесі;

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ҚР Бас прокуратурасының ақпараттық сервисі.

Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды, сонымен қатар жүйелерді пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.-орын алмады.

«Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 

2024 жылғы 13 мамырдағы Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің №76 бұйрығы негізінде, «Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі бөлім) және бөлімге бағынысты Жаңақала аудандық мәдени -демалыс орталығы (бұдан әрі МДО), Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі (бұдан әрі ОКЖ) және Жаңақала аудандық «Jastar» спорт клубы (бұдан әрі клуб) мекемелеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша бөлімнің бас маманы А.Сансызбаеваның жүргізді.

  1. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін анықтау.

Бөлімнің жалпы штаттық саны - 8, нақты саны – 7, оның ішінде мемлекеттік қызметте - 4. Бақыланатын кезеңде бөлімде өз еркімен жұмыстан босатылғандар саны–1 (бухгалтер көмекшісі). Жұмысқа қабылданғандар саны-2 (1-бухгалтер көмекшісі, 1-статист)

Бөлімге бағынысты Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығының штаттық саны және құрылымы:

Жалпы штаттық саны - 146, нақты саны –146. Бақыланатын кезеңде мекемеден өз еркімен жұмыстан босатылғандар саны–46 (39-жылыту қазандығының операторы, 1-сүйемелдеуші, 2-ғимарат күзетшісі, 4- аула сыпырушы).

Жұмысқа қабылданғандар саны-50 (39- жылыту қазандығының операторы, 2-күзетші, 7-аула сыпырушы, 1-әдіскер, 1-сүйемелдеуші)

Бөлімге бағынысты Жаңақала аудандық кітапхана жүйесінің штаттық саны және құрылымы:

Жалпы штаттық саны - 74, нақты саны –74. Бақыланатын кезеңде мекемеден өз еркімен жұмыстан босатылғандар саны–10 (7-жылыту қазандығының операторы, 1-автокөлік жүргізушісі, 1-кітапхашы).

Жұмысқа қабылданғандар саны-15 (7-жылыту қазандығының операторы, 1-есепші, 1-автокөлік жүргізушісі, 2-кітапханашы (2 уақытша бос тұрған орынға), 1-экономист, 1-кіші қызметкер, 1-жүйе технигі,  1-аула сыпырушы (уақытша бос тұрған орынға)).

Бөлімге бағынысты Жаңақала аудандық «Jastar» клубының штаттық саны және құрылымы:

Жалпы штаттық саны - 42, нақты саны –42. Бақыланатын кезеңде мекемеден өз еркімен жұмыстан босатылғандар саны–7 (4-жылыту қазандығының операторы, 1-киім ілуші, 1-спорт нұсқаушы, 1-вахтер).

Жұмысқа қабылданғандар саны-8 (4-жылыту қазандығының операторы, 1-киім ілуші, 1-спорт нұсқаушы, 1-бас есепші, 1-ғимарат күтуші).

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 «Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, ұйымда азаматтық қызметшінің бос лауазымына мекеменің интернет-ресурсына және «Еnbek.kz» сайтына жарияланған. Мекемеге алынған қызметкерлер конкурстық комиссияның оң шешімін алғаннан кейін мекеменің бұйрығымен тағайындалған.

Тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер болмады.

Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде аффилирлену фактілері, сондай-ақ олардың жақын туыстары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты адамдардың мемлекеттік лауазымдарға орналасу фактілері орын алған жоқ.

Талданып отырған кезеңде басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар жасау фактілері орын алған жоқ.

         «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталмады.

Талданып отырған кезеңде  мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік шара  қолданылмады.

         Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу мәселелері ашық жүргізіледі. Талдау кезеңінде қызметкерлер тарапынан шағымдар болған жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұдайы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

Бақылау кезеңінде бөлімде 32 мемлекеттік қызмет көрсетілді,мерзімі бұзылған мемлекеттік қызмет болмады.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 Ережеге сәйкес бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.

 Ережеге сәйкес бөлімде бақылау және қадағалау функциялары жоқ.

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

Аппаратта талдау жүргізілген кезеңде 2023(қазан,қараша,  желтоқсан)-2024 жылға (қаңтар,ақпан,наурыз,сәуір,мамыр)  бекітілген жоспарына сәйкес 285041,0 мың теңге игеріліп  99,9 % құрады.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

Бақыланатын кезеңде бөлімде 3 383404,85 қаржыға заңды және жеке тұлғалармен 33 шарт жасалды.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Бөлімі қызметкерлері жұмыс барысында төмендегі ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:

«Documentolog» ақпараттық жүйе;

«Е-өтініш» азаматтадың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы;

«Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

 «E-enbek» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

 «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі;

«1С-бухгалтерия» жүйесі;

Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды, сонымен қатар жүйелерді пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер- орын алған жоқ.

 

«Жаңақала аудандық тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль  жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 

          «Жаңақала аудандық тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль  жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының 14.05.2024 жылғы  № 39НҚ бұйрығы негізінде бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды Жаңақала аудандық тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль  жолдары бөлімінің бас маман есепшісі Н.Тлекқабылов жүргізді.

  1. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін анықтау.

Бөлімінің мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны-4, нақты саны - 4.

Талдау кезеңінде атқарып отырған лауазымынан босатылған мемлекеттік қызметшілер болмады, таза ауысушылық жоқ.

Тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер болмады.

Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде аффилирлену фактілері, сондай-ақ олардың жақын туыстары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты адамдардың мемлекеттік лауазымдарға орналасу фактілері орын алған жоқ.

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталмады.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұдайы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

1.Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлігі паспорттарын беру саны - 0.

  1. Ауданаралық (облысішілік қалааралық), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастардағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобиль жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау саны - 0.

3.Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу саны - 0.

4.Тұрғын үй кезегіне қою – 50.

5.Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру саны – 2.

6.Тұрғын үй сертификаттарын беру саны -  2.

         4.Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

         Ережеге сәйкес Бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.

         Ережеге сәйкес Бөлімде бақылау және қадағалау функциялары жоқ.

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

Бөлімнің 2023 жылға бекітілген жоспарға сәйкес 2382030,0 мың теңге қарастырылды, игерілгені 2383029,0 мың теңге немесе 99% құрады. 2024 жылға бекітілген жоспарға сәйкес 2091312,0 мың теңге қарастырылды, игерілгені 883928,0 мың теңге немесе 42 % құрады.

Талдау жүргізу барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

         Талданып отырған кезеңде аппаратта жалпы сомасы 3122149,0 мың теңгеге 90 мемлекеттік сатып алу жүргізді. Оның 3 сатып алу шарты бұзылды. Келесі тәсілдермен сатып алулар жүргізілді:

         1) ашық конкурс 1361695,0 мың теңге сомасына 9 шарт;

         2) баға ұсыныстарын сұрау 36057,0 мың теңге сомасына 15 шарт;

         3) бір көзден 45961,0 мың теңге сомаға 17 сатып алу шартын тікелей жасасу арқылы;

        4) өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден 12392,0 мың теңге сомаға 15 шарт;

5) үй сатып алу бойынша 6700,0 мың теңге сомаға 3 шарт.

6) электронды дүкен бойынша 3373,0 мың теңге сомаға 23 шарт.

7) Негіздемелік келісімді пайдалана отырып, конкурстың екінші кезеңі бойынша 985,0 мың теңге сомаға 3 шарт.

8) Рейтингтік-балдық жүйелі конкурс бойынша 1654986,0 мың теңге сомаға 5 шарт.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Басшылық және мекеме қызметкерлері тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мүдделер қақтығысы анықталған жоқ, сонымен қатар заңды тұлғалармен шарттар жасасу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Аппарат қызметкерлері жұмыс барысында төмендегі ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:

«Documentolog»  ақпараттық жүйе;

«Е-өтініш» азаматтадың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы;

«Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«E-enbek» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

 «Қазынашылық- клиент» ақпараттық жүйесі;

«1С-бухгалтерия» жүйесі;

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ҚР Бас прокуратурасының ақпараттық сервисі.

Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды,  сонымен қатар жүйелерді пайдалану  кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Талданып отырған кезеңде жеке және заңды тұлғалардан барлығы 25 өтініш келіп түсті.

Сұрақтардың сипаты бойынша өтініштер келесі негізгі топтар бойынша құрылады:

- тұрғын үй мәселесі

- автомобиль жолдары.

- жолаушылар көлігі

- коммуналдық шаруашылық

Талдау барысында  өтініштердің жауаптарында Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жауаптар берілген.

Конституцияның 25-бабы мен «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 67, 73-баптарының нормалары бұзылып, негізсіз кезектен шығарылғандар жоқ.

«Жаңақала ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

 

          Жаңақала ауылдық округі әкімі аппараты басшысының  13.05.2024 жылғы  №55 өкімі негізінде Аппарат қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды Жаңақала ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы С.Жумасалихов жүргізді.

  1. Персоналды басқарумен, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін айқындау.

Жаңақала ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша 8 (сегіз) мемлекеттік қызметкер: Ауыл әкім, 1 (бір) ауыл әкімінің орынбасары, 5 (бес) бас маман, 1 (бір) жетекші маман. Бақыланған кезең бойынша ескерту түрінде тәртіптік жаза берілген жоқ. Кадр ауысу орын алды. 1 бас маман декреттік демалыста болуына байланысты орнына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі №01/1390 келісім хаты негізінде бас маман 11.09.2023 ж – 08.01.2024 ж аралығында жұмыс жасады. Сонымен қатар 1 бас маман жұмыстан өз еркімен шығуына байланысты 09.10.2023 – 18.03.2024 ж аралығында бас маман орнына алынды. 18.03.2024 ж бастап бас маман Жаңақала ауылдық округі әкімнің орынбасары лауазымына ішкі ауысу тәртібімен ауысты.

Талдау кезеңінде атқарып отырған лауазымынан босатылған                       1 мемлекеттік қызметші. 22.01.2024 ж Жаңақала ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметінен өз өтініші негізінде жұмыстан шығарылды.

Тәртіптік жауапкершілікке  тартылған мемлекеттік қызметшілер болған жоқ.

Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде аффилирлену фактілері, сондай-ақ олардың жақын туыстары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты адамдардың мемлекеттік лауазымдарға орналасу фактілері орын алған жоқ.

Жаңақала ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сақталуда.

Жаңақала ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерін кадрлық тағайындау ҚР БП ҚС ж АЕ АК және Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы тексеру жүргізгеннен кейін заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

Жаңақала ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен акциялар, пайлар, жеке кәсіпкерлікпен айналысу фактілері орын алған жоқ.

Жаңақала ауылдық округі әкімі аппаратында коммерциялық ұйымдардың құрылтайшылары болып табылатын, сондай-ақ осы ұйымдардың басқару органдарының құрамына кіретін мемлекеттік қызметшілер жоқ.

Талданып отырған кезеңде Жаңақала ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар жасау фактілері орын алған жоқ.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталмады.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұдайы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

Бақыланатын кезеңде www.elicense.kz арқылы 35 қызмет көрсетілді. Заң бұзушылық орын алған жоқ.

«Жаңақала ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты маман ретінде Жаңақала ауылдық округінің бас маманы – Е.Н.Биғалиев бекітілді. «Жаңақала ауылдық округі әкімі аппараты» ММ ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасайды. «Жаңақала ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметінен туындайтын және заңды тұлғалардың өтініштері уақытылы қаралып, жауап берілді.

Сонымен қатар бақыланытын кезеңде Мемлекеттік сатып алу порталында 111 келісім-шарт жасалып өрескел заң бұзушылық анықталған жоқ.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

            Ережеге сәйкес аппаратта рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.

Жаңақала ауданы әкімі аппаратының 2022 жылғы 2 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі мелмекеттік бақылау жоспарын бекіту туралы» №44 бұйрығына сәйкес, 2023 жылға «Жаңақала ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-не (ақпан) ішкі мемлекеттік бақылау жүргізілген.

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

Аппаратта талдау жүргізілген бақыланатын кезеңде бекітілген жоспарға сәйкес 2023 жылдың қазан, қараша, желтоқсан айларында 281890,0 мың теңге қарастырылды, игерілгені 275943,0 мың теңге немесе 97,8% құрады. 2024 жылдың 5 айында 150914,0 мың теңге қарастырылып, игерілгені 150555,0 мың теңге немесе 99,8 % құрады.

Талдау жүргізу барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

Талданып отырған кезеңде аппаратта жалпы сомасы 57042907,51 мың теңгеге 98 мемлекеттік сатып алу жүргізді. Келесі тәсілдермен сатып алулар жүргізілді:

Сонымен қатар бақыланытын кезеңде Мемлекеттік сатып алу порталында 98 келісім-шарт жасалып өрескел заң бұзушылық анықталған жоқ.

         1) баға ұсыныстарын сұрау 34368143,98 мың теңге сомасына 47 сатып алу;

         2) бір көзден 13245575,42 мың теңге сомаға 9 сатып алу шартын тікелей жасасу арқылы;

        3) өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден 4958890,63 мың теңге сомаға 13 сатып алу;

4) негіздік келісімді қолдану арқылы байқаудың екінші кезеңі бойынша 1326721,48 мың теңге сомаға 3 сатып алу жүргізілген.

5) Электронды дүкеннен сатып алу 4470297,48 мың теңге сомасына 29 сатып алу жүргізілді.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Басшылық және мекеме қызметкерлері тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мүдделер қақтығысы анықталған жоқ, сонымен қатар заңды тұлғалармен шарттар жасасу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Аппарат қызметкерлері жұмыс барысында төмендегі ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:

«Documentolog»  ақпараттық жүйе;

«Е-өтініш» азаматтадың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы;

«Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Enbek.kz» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Парус-Каз» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Қазынашылық- клиент» ақпараттық жүйесі;

«1С-бухгалтерия» жүйесі;

«www.elicense.kz» Қазақстан Республикасының электронды лицензиялау ақпараттық жүйесі;

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ҚР Бас прокуратурасының ақпараттық сервисі.

Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды,  сонымен қатар жүйелерді пайдалану  кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Орын алған жоқ.

«Бірлік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

 

Бірлік ауылдық округі әкімінің  2024 жылдың 24 мамырдағы  №9 өкімі  негізінде Аппарат қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының  бас маманы А.Жақсыбаев жүргізді.

  1. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық

тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін анықтау.

«Бірлік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде 5 мемлекеттік қызметкер және 2 штаттан тыс қызметкер жасайды.

Талдау кезеңінде атқарып отырған лауазымынан босатылған                       1 мемлекеттік қызметшілер, таза ауысушылық 1.

Тәртіптік жауапкершілікке  тартылған  мемлекеттік қызметшілер жоқ.

Талдау кезеңінде жалпы конкурс қорытындысы бойынша 2 адам жұмысқа қабылданды (Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы А.Исатаеваның өз өтінішіне сәйкес, 2023 жылдың 11 қыркүйегінен жұмыстан шығуына байланысты, жалпы конкурс нәтижесімен орнына Б.Даукенова 2023 жылдың 1 желтоқсанынан тағайындалды).

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталмады.

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталды, атап айтсақ жаңадан тағайындалған Д.Габдуллин тағайындалғанға дейін, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырмағаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 272-бабы бойынша (салық есептілігін табыс етпеу) Жаңақала ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Ал, Бірлік ауылдық округінің әкімі Е.Жакашевқа аталған құқықбұзушылыққа жол бергені үшін Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 680-бабы бойынша (сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қолданбау) әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Ұсыным: кадр мәселесі бойынша жауапты маманды мемлекеттік қызмет туралы заңнама нормаларын түсіндіру бойынша оқытуды ұйымдастыру.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

«Бірлік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің өзін-өзіне қызмет көрсету бұрышы арқылы 182 ауыл тұрғынына «Egov» порталындағы электрондық қызмет көрсетілді.

Талданатын кезеңде «Бірлік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 9.

Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

            Ережеге сәйкес аппаратта рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.

Ережеге сәйкес аппаратта рұқсат бақылау-тексеру функциялары жоқ. 

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

Аппаратта талдау жүргізілген бақыланатын кезеңде бекітілген жоспарға сәйкес 19 716,0 мың теңге қарастырылды, игерілгені 19690,0 мың теңге немесе 99% құрады.

Талдау жүргізу барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

         Талданып отырған кезеңде аппаратта жалпы сомасы 9213,0 мың теңгеге 54 мемлекеттік сатып алу жүргізді. Оның 1 сатып алу шарты бұзылды. Келесі тәсілдермен сатып алулар жүргізілді:

         1) ашық конкурс арқылы сатып алулар ұйымдастырылмады;

         2) баға ұсыныстарын сұрау 2463,0 мың теңге сомасына 32 сатып алу;

         3) бір көзден 1797,0 мың теңге сомаға 11 сатып алу шартын тікелей жасасу арқылы;

        4) өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден 4204,0 мың теңге сомаға 8 сатып алу;

5) негіздік келісімді қолдану арқылы байқаудың екінші кезеңі бойынша 749,0 мың теңге сомаға 3 сатып алу жүргізілген.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Басшылық және мекеме қызметкерлері тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мүдделер қақтығысы анықталған жоқ, сонымен қатар заңды тұлғалармен шарттар жасасу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Аппарат қызметкерлері жұмыс барысында төмендегі ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:

«Documentolog»  ақпараттық жүйе;

«Е-өтініш» азаматтадың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы;

«Е-халық» ақпараттық жүйесі;

«E-lisence» бірыңғай платформасы;

«Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«E-enbek» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Парус-Каз» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Қазынашылық- клиент» ақпараттық жүйесі;

«1С-бухгалтерия» жүйесі;

Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды,  сонымен қатар жүйелерді пайдалану  кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Талданатын кезеңде «Бірлік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне жеке және заңды тұлғалардан 6 өтініш келіп түсті, өтініштері уақытылы қаралып, жауап берілді.

 

 

«Жаңажол ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

 

Талдау ауылдық округ әкімінің міндетін уақытша атқарушы Б.Ж.Шабақовтың 2024 жылғы 13 мамырдағы №20 «Жаңажол ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі негізінде жетекші маман Ж.Биғалиева жүргізді.

  1. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін анықтау.

«Жаңажол ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің қызметінде            20 мамырдағы жағдай бойынша жалпы штат саны 5 (бесеу). Ауыл әкімі, 3 бас маман және 1 жетекші маман жұмыс жасайды. 1 бас маман лауазымы босану мен бала күтіміне байланысты 2024 жылдың қаңтар айының 8 күнінен қосымша демалыста, оның орнына 2024 жылдың 2 сәуірден бастап уақытша бас маман жұмысқа алынған.

Бақыланатын кезеңде кадр ауысушылығы жоғарыда келтіргендей болды. Бақыланатын кезеңде ауыл әкімі аппараты қызметкерлерінің арасында тәртіптік жауапкершілікке тартылған тұлғалар болған жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Жаңажол ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері тікелей басшысымен, оның зайыбымен туыстық қарым – қатынаста емес. 2024 жылдың 5 айында бойынша мүдделер қақтығысы болған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы Мемлекеттік корпорация, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электронды және қағаз түрінде мемлекеттік қызмет көрсете алады. Жаңажол ауылдық округі әкімі аппаратында өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасап тұр, компьютер принтерімен, бейнекамера және құлаққаппен қамтылған. Осы қызмет көрсету бұрышы арқылы 2024 жылдың мамыр дейін 60 рет жеке тұлға электронды үкімет порталы арқылы әртүрлі мемлекеттік қызметтер алған. Барлығы да Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары» бұйрығына сәйкес жүргізілген. Мамандарға мемлекеттік қызмет алушы клиентердің тарапынан арыз-шағым болмаған.

Бақыланатын кезеңде:

Соның ішінде,

  • көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 0.
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 0.
  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) саны- 0
  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 0
  • Электрондық түрде көрсетілген қызметтер саны - 0.
  • Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің
    саны 0.

Ұсыныс: жауапты мамандарға мемлекеттік қызметтер бойынша оқытуды ұйымдастыру.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  Ережеге сәйкес аппаратта рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.

Ережеге сәйкес аппаратта бақылау-тексеру функциялары жоқ.

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

Аппаратта талдау жүргізілген бақыланатын кезеңде бекітілген жоспарға сәйкес 5079000 теңге қарастырылды, игерілгені 2172000 мың теңге немесе  42,7% құрады. Талдау жүргізу барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

Мемлекеттік сатып алуды реттеу

Ауылдық округі әкімі аппараты бойынша 2024 жылы барлығы 25 мемлекеттік сатып алу бойынша жарияланған. Оның ішінде 12 жерде баға ұсынымдары бойынша сатып алулар, бір көзден 7 мемлекеттік сатып алу, негіздемелік келісім 2 мемлекеттік сатып алу, аяқталған сатып алуларды бір көзден 2 мемлекеттік сатып алу жүргізілген және осылардың ішінен бір көзден  сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алу өтпеген деп белгіленген. 2024 жылда мемлекеттік сатып алу бойынша заң бұзушылықтар анықталған жоқ.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Басшылық және мекеме қызметкерлері тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мүдделер қақтығысы анықталған жоқ, сонымен қатар заңды тұлғалармен шарттар жасасу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

8.Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Аппарат қызметкерлері жұмыс барысында төмендегі ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:

«Documentolog»  ақпараттық жүйе;

«Е-өтініш» азаматтадың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы;

«Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«E-enbek» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Парус-Каз» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Қазынашылық- клиент» ақпараттық жүйесі;

«1С-бухгалтерия» жүйесі;

Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды,  сонымен қатар жүйелерді пайдалану  кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

«Жаңажол ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 5 айында қабылданған нормативтік құқықтық актілерден шешім 5, өкім 36. Прокуратура тарапынан бақыланатын кезеңде ауыл әкімінің қабылдаған нормативтік құқықтық актілеріне наразылық болмаған.

Жеке тұлғалардан «е-Otinish» азаматтадың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы арқылы 2 өтініш түсіп, уақытында жауап берілген. Біреуі жеке тұлға, екіншісі заңды тұлға. Заңды және жеке тұлғалар ауылдық округ әкіміне жеке қабылдауға жазылмаған. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер туындаған жоқ.

Ұсыныс: «е-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы бойынша жауапты мамандарды ҚР ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІ туралы заңнама нормаларын түсіндіру бойынша оқытуды ұйымдастыру.

 

 

«Жаңақазан ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

 

 

Жаңақазан ауылдық округі әкімінің 03.05.2024 жылғы №18 өкімі  негізінде Аппарат қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды Жаңақазан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Ганиева жүргізді.

  1. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін анықтау.

«Жаңақазан ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің қызметінде            21 мамырдағы жағдай бойынша жалпы штат саны 5 (бес): ауылдық округ әкімі – 1(бір) бірлік, бас маман - 2 (екі) бірлік, бас маман - есепші  - 1(бір)  бірлік,  жетекші маман - 1(бір)  бірлік.

Бақыланатын кезеңде кадр ауысушылығы болған жоқ.

Бақыланатын кезеңде ауыл әкімі аппараты қызметкерлерінің арасында тәртіптік жауапкершілікке тартылған тұлғалар болған жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұдайы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Жаңақазан ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

Бақыланатын кезеңде «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» арқылы 446    қызмет көрсетілді.

Соның ішінде: жеке тұлғаның жылжымайтын мүліктің болуы(болмауы) туралы анықтама - 121, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру - 9, соттылығы болуы не болмауы туралы анықтама - 57, зейнетақы аударымдары туралы анықтама - 46, дербес несие есебін білу - 7, ҚР халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу - 15, ЭЦҚ қашықтан алу - 143, білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (бастауыш сыныпқа) - 10, медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту - 13, бала туғанда және бір жасқа толғанға дейін оны күтуге жәрдемақы тағайындау - 8, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау – 7, қайтыс болу туралы анықтама – 3, архивті анықтама алу – 3 анықтама.

Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің
саны 0.

Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығы бойынша «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметі, «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік қызметтерін көрсетеді. Талданатын кезеңде барлығы 13 қызмет көрсетілді.

      Ұсыным: жауапты мамандарға мемлекеттік қызметтер бойынша оқытуды ұйымдастыру.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

         Ережеге сәйкес аппаратта рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.

Жаңақала ауданы әкімі аппаратының 2022 жылғы 2 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі мелмекеттік бақылау жоспарын бекіту туралы» №44 бұйрығына сәйкес, 2023 жылға «Жаңақазан ауылды округі әкімі аппараты» ММ-не (қараша) ішкі мемлекеттік бақылау жүргізілген.

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

Аппаратта талдау жүргізілген бақыланатын кезеңде бекітілген жоспарға сәйкес 29197,0 мың теңге қарастырылды, игерілгені 26505,0 мың теңге немесе 93% құрады.

Талдау жүргізу барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

         Талданып отырған кезеңде аппаратта жалпы сомасы 7251,7 мың теңгеге 30 мемлекеттік сатып алу жүргізді. Оның 1 сатып алу шарты бұзылды. Келесі тәсілдермен сатып алулар жүргізілді:

      1) баға ұсыныстарын сұрау 5037,3 мың теңге сомасына 18 сатып алу;

      3) бір көзден 365,4 мың теңге сомаға 3 сатып алу шартын тікелей жасасу арқылы;

      4) өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден 986,3 мың теңге сомаға 5 сатып алу;

     5) негіздік келісімді қолдану арқылы байқаудың екінші кезеңі бойынша 862,6 мың теңге сомаға 4 сатып алу жүргізілген.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Басшылық және мекеме қызметкерлері тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мүдделер қақтығысы анықталған жоқ, сонымен қатар заңды тұлғалармен шарттар жасасу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Аппарат қызметкерлері жұмыс барысында төмендегі ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:

«Documentolog»  ақпараттық жүйе;

«Е-өтініш» азаматтадың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы;

«Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«E-enbek» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Парус-Каз» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Қазынашылық- клиент» ақпараттық жүйесі;

«1С-бухгалтерия» жүйесі;

«Е-лицензирование» жүйесі;

«е-халық» жүйесі.

Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды,  сонымен қатар жүйелерді пайдалану  кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
  2. «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардан талданатын кезеңде әр түрлі мәселелермен барлығы 11 (он бір) өтініш түсті. Тұлғалармен кері байланыс жасалып, жауап берілді. Мерзімі бұзылып көрсетілген қызметтердің саны 0.

 

«Қызылоба ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

 

Қызылоба ауылдық округі әкімінің 13.05.2024 жылғы №19 өкімі  негізінде Аппарат қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды Қызылоба ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы М.Хайруллин жүргізді.

  1. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін анықтау.

«Қызылоба ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің қызметінде 21 мамырдағы жағдай бойынша жалпы штат саны 5 (бес): ауылдық округ әкімі – 1(бір) бірлік, бас маман - 2 (екі) бірлік, бас маман - есепші  - 1(бір)  бірлік,  жетекші маман - 1(бір)  бірлік.

Бақыланатын кезеңде кадр ауысушылығы болған жоқ.

Бақыланатын кезеңде ауыл әкімі аппараты қызметкерлерінің арасында тәртіптік жауапкершілікке тартылған тұлғалар болған жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұдайы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Қызылоба ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

Бақыланатын кезеңде «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» арқылы 521    қызмет көрсетілді.

Соның ішінде: жеке тұлғаның жылжымайтын мүліктің болуы(болмауы) туралы анықтама - 138, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру - 11, соттылығы болуы не болмауы туралы анықтама - 52, зейнетақы аударымдары туралы анықтама - 46, дербес несие есебін білу - 7, ҚР халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу - 22, ЭЦҚ қашықтан алу - 178, білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (бастауыш сыныпқа) - 10, медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту - 46, бала туғанда және бір жасқа толғанға дейін оны күтуге жәрдемақы тағайындау - 3, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау – 3, қайтыс болу туралы анықтама – 3, архивті анықтама алу – 2 анықтама.

Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің
саны 0.

Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығы бойынша «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметі, «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік қызметтерін көрсетеді. Талданатын кезеңде барлығы 7 қызмет көрсетілді.

      Ұсыным: жауапты мамандарға мемлекеттік қызметтер бойынша оқытуды ұйымдастыру.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ережеге сәйкес аппаратта рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.

Жаңақала ауданы әкімі аппаратының 2021 жылғы 21 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі мелмекеттік бақылау жоспарын бекіту туралы» №46 бұйрығына сәйкес, 2022 жылға «Қызылоба ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-не (наурыз) ішкі мемлекеттік бақылау жүргізілген.

Анықталған кемшіліктер:

«Қызылоба ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» №301 бұйрығымен бекітілген «Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік қызметінде, жер учаскесінің орналасқан жері схемасының электрондық көшірмесі, құжаттар топтамасы толық болмағандығына қарамастан (24 факт) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органға әрі қарай жолданған, оған қоса өтініштері тиісті нысан бойынша толтырылмаған.

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

Аппаратта талдау жүргізілген бақыланатын кезеңде бекітілген жоспарға сәйкес 23303,0 мың теңге қарастырылды, игерілгені 23055,0 мың теңге немесе 99,8% құрады.

Талдау жүргізу барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

Талданып отырған кезеңде аппаратта жалпы сомасы 5350,423 мың теңгеге 36 мемлекеттік сатып алу жүргізді. Келесі тәсілдермен сатып алулар жүргізілді:

1) баға ұсыныстарын сұрау 1198872 мың теңге сомасына 14 сатып алу;

2) бір көзден 2640026 мың теңге сомаға 7 сатып алу шартын тікелей жасасу арқылы;

3) өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден 760850 мың теңге сомаға 10 сатып алу;

     4) негіздік келісімді қолдану арқылы байқаудың екінші кезеңі бойынша 744675 мың теңге сомаға 5 сатып алу жүргізілген.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Басшылық және мекеме қызметкерлері тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мүдделер қақтығысы анықталған жоқ, сонымен қатар заңды тұлғалармен шарттар жасасу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Аппарат қызметкерлері жұмыс барысында төмендегі ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:

«Documentolog»  ақпараттық жүйе;

«Е-өтініш» азаматтадың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы;

«Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«E-enbek» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Парус-Каз» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Қазынашылық- клиент» ақпараттық жүйесі;

«1С-бухгалтерия» жүйесі;

«Е-лицензирование» жүйесі;

«е-халық» жүйесі.

Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды,  сонымен қатар жүйелерді пайдалану  кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

«Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардан талданатын кезеңде әр түрлі мәселелермен барлығы 10 (он) өтініш түсті. Тұлғалармен кері байланыс жасалып, жауап берілді. Мерзімі бұзылып көрсетілген қызметтердің саны 0.

 

 

Жаңақала ауданы әкімінің бас

маман-заңгері                                                                       А.Рысқалиева

 

Жаңақала ауданының кәсіпкерлік және

ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы                            Қ.Нұғманов

 

Жаңақала ауданының жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы                    Д.Жарасов

 

Жаңақала аудандық экономика және

қаржы бөлімінің бас маманы                                                 А.Ғалиева

 

Жаңақала аудандық ішкі саясат бөлімінің

бас маманы                                                                             Ж.Басирова

 

Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту,

дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы                   А.Сансызбаева

 

Жаңақала аудандық тұрғын үй-коммуналдық

 шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль 

жолдары бөлімінің бас маманы                                                        Н.Тлекқабылов

 

Жаңақала ауылдық округі әкімі

Аппаратының жетекші маманы                                                       С.Жумасалихов

 

Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының

бас маманы                                                                                         А.Жақсыбаев

 

Жаңажол ауылдық округі әкімі аппаратының

жетекші маманы                                                                               Ж.Биғалиева

 

Жаңақазан ауылдық округі әкімі аппаратының

бас маманы                                                                                       А.Ганиева

 

 

Қызылоба ауылдық округі әкімі аппаратының

бас маманы                                                                                      М.Хайруллин

 

Дата публикации
12 июля 2024