1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі
3-тарау. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
1) Мәдениет және өнер саласының жұмысын жоспарлау, іс-шаралардың перспективалық жоспарларын, мәдениет пен өнердің мақсатты кешенді бағдарламаларын әзірлеу, мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іке асыру;
2) Қазақтың ұлттық мәдениетін өркендетуді, сақтауды, дамытуды және таратуды қамтамасыз етеді, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды мемлекеттік органдардың басқа да мекемелер мен ұйымдардың жұмысын үйлестіреді;
3) басқа да мәдениеттерді сақтауға, дамытуға, таратуға қамқорлық жасау;
4) ауданда бірыңғай мемлекеттік тіл саясатын жүргізуді қамтамасыз ету.
Функциялары:
1) мәдениет және спорт мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуды қамтамасыз ету;
2) мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;
3) азаматтардың Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына қайшы келмейтін шығармашылық қызметіне кез-келген түріне жол бермеу;
4) мәдени құндылықтарды меншіктену құқығын заңсыз алып шығу және беруге тосқауыл қою, оларды кез-келген заңсыз иеліктен қайтарып алудың шараларын алу;
5) кітапханалар қорларын жасақтау мен сақтауға жағдай жасау;
6) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарында ақылы қызметтер көрсетуді бақылау және бюджеттің қалыптасуы мен оның мақсатты орындалуы;
7) заңнамаларда белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды;
8) мәдениет мекемелерінің негізгі қызметін мәдениет ауқымындағы мемлекеттік бағдарламаларды, мәдениет саласында ұлттық шараларды өткізуді қаржыландыруға, мәдениет игіліктерін сатып алуға бағытталған қаржының жасалуын бақылау;
9) мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарының халық жаппай демалатын жерлерде жұртшылыққа түрлі нысандағы мәдени қызмет көрсетуді одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарын бақылау;
10) мәдениет, көркемөнер саласында конкурстар, концерттер және гострольдік қызметтер көрсетуді, аудан аймағында өтетін спорттық шараларды ұйымдастыру және өткізу;
11) жеке және заңды тұлғалар ұсынған хаттардың, арыз-өтініштердің уақытында және дұрыс қаралуын қамтамасыз ету;
12) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нұсқаулар беріп, ведомостволық актілер шығару;
13) белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен лауазымды тұлғалардан ақпарат сұрату және алу;
14) заңнамаларды белгіленген тәртіппен ведомстволық бағыныстағы мекемелер мен кәсіпорындардың басшыларын қызметке тағайындап, босату;
15) ведомстволық бағынысты мекемелермен кәсіпорындарды қаржы көздерінің тиімді пайдалануын тексеру;
16) мемлекеттік мекеменің құзырына қатысты мәселелер жөнінде тұжырымдамалық құжаттарды жасауға, аудан әкімі актілерінің жобаларын әзірлеуге және сараптауға қатысу;
17) Қазақстан дамытудың 2050 жылға дейінгі Стратегиясының негізгі басым бағыттарын түсіндіруге және насихаттауға қатысу;
18) мемлекеттік органдарда, меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 914 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдаманың орындалуына бақылау мен басшылық етуді жүзеге асыру;
19) ономастикалық және терминоголиялық жұмыстарға басшылық ету;
20) тілдік ортада мемлекеттік тілдің басымдылығын арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру, тілдерді дамытудың өзекті мәселелері жөнінде шаралар өткізу, ұлттық мәдени бірлестіктердің ана тілдерін дамыту мәселесі бойынша қызметтерін үйлестіру;
21) мемлекеттік тіл саясатын жүргізудің тиімділігі арттыру және мемлекеттік тілдің қоғамдық қолданылу аясын кеңейту мен дамыту бойынша кешенді шаралар, ұсыныстар әзірлеу және жүзеге асыру;
22) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға, кәсіпорындарға, мекемелерге және ведомостволарға «Қазақстан Республикасынның тілдер туралы» Заңының талаптырана сәйкес, деректемелер мен көрнекті ақпараттар рәсімдеуге көмек көрсету;
23) ауданда ономастикалық және терминологиялық жұмыстарды үйлестіру, ономастикалық комиссиялар жұмыстарын ұйымдастыру;
24) мемлекеттік тілді насихаттау мен дамытуға бағытталған мәдени -көпшілік шаралар әзірлеп, өткізуде тіл заңнамаларының орындалу мәселелері бойынша басқа мемлекеттік мемкемелермен өзара байланыс жасау;
25) дене шынықтыру және спортты дамыту бағдарламасын дайындап, оны іске асыру;
26) спорттың әр түрінен аудандық команда құрып, облыстық және республикалық сайыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
27) ұлттық спорттық түрлерін ауданда дамыту;
28) дене шынықтыру мен спортты дамытуға аудандық жоспарларын әзірлейді, ауданда өткізілетін аудандық, облыстық жарыстарды қаржыландырады, оны жүзеге асырады;
29) спорттың әр түрінен облыстық жарыстарға қатысу үшін ауданның құрама командаларын дайындайды;
30) аудан аймағында спорттың жаппай және ұлттық түрін дамытады;
31) спорттық разрядтар мен категорияларды береді: екінші және үшінші, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдерге, орта деңгекйдегі жаттықтырушы квалификациясы орта деңгейдегі әдіскер спорттық судья;
32) аудандық жаппай-спорттық шаралардың күнтізбелік жоспарын дайындап, бекітіп, іске асырады;
33) облыстық атқарушы органға аудандығы дене шынықтыру және спорттың дамуы туралы мәліметтерді, сонымен қатар статистикалық көрсеткіштерді зерттеуден өткізіп береді;
34) Қазақстан Республикасының қолданысындағы заңнамасына сәйкес басқа да қызметтер;
35) аудан аумағында маңдайшаларды орналастыру туралы хабарламаларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады.
36) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 75 бабының Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық бойынша әкімшілік құқық бұзушылықты анықтауға және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыруға құқылы.
4-тарау. Мемлекеттік мекемені басқару
1) мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;
2) мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
3) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
4) мемлекеттік мекеме жарғысын (ережесін) бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
5) мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
6) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
7) мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
8) мемлекеттік мекеме басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
9) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;
10) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға, мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;
11) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша республикалық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады (жергілікті атқарушы органның немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық әкімі аппараты) коммуналдық мемлекеттік мекемеде қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
12) осы жарғының және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
1) мемлекеттік мекеме атынан сенім хатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
3) шарттар жасайды;
4) сенім хаттар береді;
5) мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың өзге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
6) банк шоттарын ашады;
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органның не жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараты тағайындайтын қызметкерлерден басқа, мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
9) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;
10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;
11) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен (ережемен) және тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараты жүктелген озге де функцияларды жүзеге асырады.
5-тарау. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі
1) оған меншік иесі берген мүлік;
2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржык өздере себінен құрылады.
6-тарау. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі
7-тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
8-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
Басшы ________________________________________ _____________
Т.А.Ә. (болған кезде) қолы