Жаңақала ауданының 2024 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы туралы

Жаңақала ауданының 2024 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы туралы

 

Жаңақала ауданы бойынша көктемгі су тасқынының алдын-алу мақсатында 2024 жылғы су тасқыны кезеңің апатсыз өткізуге бағытталған іс-шаралар жүргізілуде, атап айтқанда:

Жаңақала ауданы аумағында 2024 жылы  көктемгі су тасқынына қарсы қорғаныс шараларын ұйымдастыру және өткізу мақсатында аудан әкімінің 10.01.2024 жылы жоспары бекітіліп барлық ауылдық округ әкімдіктеріне, мекеме басшыларына және басқа да тиісті органдарға нақты тапсырмалар берілді.

«2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар Жол картасы» аясында БҚО, Жаңақала ауданы, Пятимар ауылы және Бірлік ауылына қарасты Ақбалшық елді мекенінде инженерлік (бөгет және дамбы көтерілді) жұмыстар жүргізілді. Жыл басынан табиғи төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою мақсатында  ДТ жағар – жанар – 3,5 тонна және АЙ-92 2,5 тонна жанар-жағар май бар. Жаңақала ауданы және барлық ауылдық окургітерінде 650 құм-қиыршақтар салынған қап дайындалған. Аудан аумағында орын алатын төтенше жағдайлардың алдын алу шараларына бюджеттен 5 млн.теңге бөлінген. Аудан, ауыл тұрғындарына су тасқыны кезіндегі эвакуационқалық пунктері көрсетілген ауылдық округ мамандарымен 600 астам жадынамалар таратылды. Су тасқыны кезеңіндегі эвакуационкалық пунктер қатарына мектептер, мәдени демалыс үйлері жатқызылған. Сонымен қатар, Жаңақала аудандық төтенше жағдайлар бөлімімен жыл басында әр ауылдық округ пен елді мекендерге (су тасқыны кезеңіне) арнайы акт толтырылып, барлық мәліметті қамтитын ақпарат БҚО төтенше жағдайлар департаментіне жолданды.

Жаңақала ауданындағы су тасқыны қаупі бар елді мекендердің тізбесіне сәйкес 14 су тасқыны қаупі бар елді мекендер бақылауға алынды, атап айтқанда: (Қызылоба, Айтпай, Пятимар, Плантация, Ақбалшық, Қырқопа, Жолқұдық, Жаңақала, Кіші айдархан, Жаңажол, Сарыкөл, Маштексай, Мұқыр, Жаңақазан) осы елді-мекендердің ішінде 18 692 адам және 3946 тұрғын үйлер бар.

Су тасқынының алдын алу шараларымен ақпараттандыру мақсатында аудандық «Жаңарған өнір» газетіне және Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде мақалалар үнемі жарияланып, брифингтер өткізілуде. Жаңақала ауданы және ауылдық округ әкімдіктерінің қызметкерлері аудандық төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп аудан аумағындағы елді мекендерде Су басу кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша 1500 дана жадынамалармен парақшалар таратылды.

Жаңақала ауылындағы су өткізгіш құбырларды және арықтарды қысқы және жазғы күтіп ұстау жұмыстары бағалық ұсынба тәсілімен сатып алынып. Мердігер –«DDS-BEE»ЖК-і келісім-шартқа отырылды, Су сору жұмыстарын атқаруға «ФУРОР»ЖК, келісімшартқа отырылды. Автомобиль жолдарында диаметрі 1000 мм – 5 дана, диаметрі 500 м – 6 дана, диаметрі – 200 мм – 15 дана су өткізу құбырлары мен 1000 м арық жүйесі тазаланды.

Жаңақала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, ағымдағы жылы мемлекеттік сатып алу порталында бағалық ұсыну тәсілімен қарды жинау (жою) бойынша жұмыстар атқаруға сатып алу жұмыстары жүргізіліп. Келісімшартқа Мердігер – «Рыскалиев»ЖК отырды.

Су тасқыны орын алған жағдайда жұмылдырылатын жеке құрам саны – 128 адам. Қажеттілік туындаған сәтте Жаңақала ауданына үрмелі қайық моторын арнайы дүкенмен (спец.магазином) сатып алу бойынша келіссөз жүргізілді.

Мотопомпа саны – 20 дана, қапшық саны ауданда – 5 мың дана (ауылдық округтерге таратылуда), қосымша БҚО төтенше жағдайлар басқармасынан а.ж. наурыз айының соңына дейін 5 мың дана берілу жоспарлануда.

Аудан көлемінде а.ж қаңтар айының басында әр ауылдық округ әкімдігі Жаңақала ауданы әкімі аппараты арқылы 9 азық-түлік дүкені, 4 ыстық тамаққа, 7 киім кешек бойынша жеке кәсіпкерлермен ниет-шарт жасасылды. Сонымен қатар, шаруа қожалықтарымен төтенше жағдай кезінде жұмылдыруға техникалар бойыншада ниет-шарт жасасу жұмыстары нақтылануда.

Аудан аумағында орналасқан елді-мекендерде құлақтандырудың жергілікті жүйесін құру бойынша жұмыстар ұйымдастырылуда. Бүгінгі күнге аудан бойынша екі дабылдағыш құралдары (С-40) орнатылған, олар  №3 ЖОББМ, Жаңақала ЖОББМ орналасқан. Электросиреналар жарамды жағдайда, техникалық тексеріс жүргізліп тұрады.

 

Дата публикации
26 марта 2024