Жаңақала ауданының Мастексай ауылдық округі әкімі аппараты арқылы 4 мемлекеттік қызмет түрлері, мемлекеттік бекітілген реестр бойынша көрсетіледі.
Олар: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығының 4-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру", 9-қосымшаға сәйкес "Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру", 10-қосымшаға сәйкес "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу", 15-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары.
Мемлекеттік көрсетілген қызметтер 2 – тоқсан бойынша жалпы көлемде 1 қызмет төменде көрсетілген тәртіппен көрсетілген :
– www.egov.kz порталы арқылы – 0;
– www.elicense.kz порталы арқылы – 1;
Есептік кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына жеке және заңды тұлғалардан шағымдар түскен жоқ.
Сонымен қатар, Мастексай ауылдық округі бойынша ашылған халыққа «Өзіне-өзі қызмет көрсету» орындары арқылы "Электрондық үкіметтің" порталы арқылы 2 тоқсан бойынша көрсетілген қызметтер саны 93.