Жаңақала ауданының дербес бөлімдермен ауылдық округ әкімі аппараттарыбойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің елугежуық түрлері бойынша жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетіп келеді.
Ағымдағы жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға 80 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:
Мемлекеттік көрсетілген қызметтер 3 – тоқсан бойынша жалпы көлемде 371 қызмет төменде көрсетілген тәртіппен көрсетілген :
–«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы – 1 ;
– www.egov.kz порталы арқылы – 43;
– www.elicense.kz порталы арқылы – 185;
– «Е-собес» ақпараттық жүйесі арқылы – 103;
– «Kezekte.kz» ақпараттық жүйесі арқылы – 28;
– «Baspana market» ақпараттық жүйесі арқылы – 10;
– «Gosreestr.kz» ақпараттық жүйесі арқылы – 1.
Есептік кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына жеке және заңды тұлғалардан шағымдар түскен жоқ.
Жаңақала ауданы әкімі аппараты басшысының «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау жоспарын бекіту туралы» 2022 жылғы 2 желтоқсан күнгі №44 бұйрығына сәйкес а.ж. тамыз айында «Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау мақсатында ішкі бақылау жүргізілді. Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы А.Кабдрашов пен бірлесе отырып жоспар бойынша қазан айында тұрған «Жаңажол ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне қыркүйек айында ішкі бақылау жүргізілді.
Ағымдағы жылдың 31 шілде күні facebook желісінің тікелей эфирінде "Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі" өткізілді. Эфир барысында Жаңақала аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жөнінде (қызметтерді алу, жүргізілу тәртіптері т.с.с) қысқаша ақпарат берілді. Тікелей эфир кезінде сұрақтар болмады(https://www.facebook.com/100022059948705/videos/251042541083172/) . Сонымен қатар, а.ж. 16 тамыз күн, сағат 16:00 Жаңақала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің инстаграм парақшасында (https://instagram.com/zhangala_zhkh?igshid=OGQ5ZDc2ODk2ZA==) бөлім бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті. Тікелей эфир барысында мемлекеттік қызметтердің көрсету тәртібі мен атқарылған мұмыстар баяндалды. Тікелей эфирге 8 көрермен қатынасып, эфир барысында бөлімнің атқаратын қызметі туралы сұрақтар қойылды. Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп отырады.
Жаңақала ауданы әкімдігінде жіне барлық ауылдық округ әкімі аппараттарында ашылған халыққа «Өзіне-өзі қызмет көрсету» орындары арқылы "Электрондық үкіметтің" порталы арқылы 3 тоқсан бойынша көрсетілген қызметтер саны 1357, ал "Электрондық үкіметтің" порталы туралы тұрғындарға 400 ге жуық кеңес берілді.