Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес 2023 жылғы 24 қыркүйек күні Пятимар ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына және 113-11-бабына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 27 қыркүйектегі №16 шешімімен Пятимар ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді:
Рамазанов Бауыржан Сакенұлы - 1964 жылы туған. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғыны. Уақытша жұмыссыз. Өзін-өзі ұсынған. Ұлты қазақ. Пятимар ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.