2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Пятимар ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты Пятимар ауылдық округі әкімі лауазымына кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу туралы шешімі

2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалған Қазақстан Республикасы  Батыс Қазақстан  облысы Жаңақала ауданының Пятимар ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты Пятимар ауылдық  округі әкімі лауазымына кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу туралы
    
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, 28-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/198 «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Жаңақала аудандық аумақтық сайлау  комиссиясы ШЕШІМ етеді:
2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Пятимар ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты ағымдағы жылғы 15 қыркүйек күні сағат 10-00-де Пятимар ауылындағы Пятимар ауылдық мәдениет үйінің көрермен залында (келісім бойынша) кандидаттардың сайлауалды пікірсайысы өткізілсін.
2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Пятимар ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу жөніндегі жоспары бекітілсін (1-қосымша).
Осы шешім Пятимар ауылдық округі әкімінің сайлауына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізілсін.
Осы шешім Жаңақала ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында жариялансын.
Осы шешімнен туындайтын ұйымдастыру шараларының орындалуын бақылау Жаңақала аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төраға орынбасары Е.Еслямовке жүктелсін.
Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
 
Жаңақала аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы                                             Д.Бактигереев

 

Дата публикации
13 сентября 2023