ЖАҢАҚАЛА АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

ЖАҢАҚАЛА АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ 

 

Жаңақала  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы  «Қазақстан  Республикасындағы  сайлау туралы» Қазақстан Республикасындағы  Заңының 113-5 бабына сәйкес, 2023 жылғы 3 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы бойынша Пятимар  ауылдық округі әкімінің   лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:

  1. Еслямгалиев Ерсайын Койшекенович -  1965 жылы туған. «ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» Акционерлік қоғамының «ОРАЛ» Магистральды газ құбырлары басқармасы филиалы, қалалық газ желілері, газ тарату шаруашылықтары газ желілерін пайдалану және жөндеу қызметінің шебері болып жұмыс жасайды. Орал қаласының тұрғыны. Өзін-өзі ұсынған. «Аманат» партиясының мүшесі.
  2. Жанболатов Теңел Жанболатұлы - 1995 жылы туған. «Көпжасар ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Жаңақала ауданы Көпжасар ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсынған.
  3. 3. Рамазанов Бауыржан Сакенович - 1964 жылы туған. Уақытша жұмыссыз. Орал қаласының тұрғыны. Өзін-өзі ұсынған.
  4. Хайруллин Мейрамбек Ерланұлы - 1994 жылы туған. «Қызылоба ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Жаңақала ауданы Қызылоба ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсынған.  «Аманат» партиясының мүшесі.

 

Жаңақала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
03 сентября 2023