«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-3 бабына сәйкес, 2023 жылдың 24 тамыз күні Пятимар ауылдық округі әкіміне үміткер болып өзін-өзі ұсынумен Еслямғалиев Ерсайын Қойшекенұлы аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғыны. 1990 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын бітірген, мамандығы- Инженер механик. Қазіргі уақытта «ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» Акционерлік қоғамының «ОРАЛ» Магистральды газ құбырлары басқармасы филиалы, қалалық газ желілері, газ тарату шаруашылықтары газ желілерін пайдалану және жөндеу қызметінің шебері болып жұмыс жасайды.
2023 жылдың 25 тамыз күні келесі үміткерлер өзін-өзі ұсынумен Айтқалиев Бақтьяр Хамидоллаұлы аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Жаңақала ауданы,Пятимар ауылдық округінің, Борық елді мекенінің тұрғыны. 1994 жылы Алматы құрылыс және менеджмент колледжін бітірген, мамандығы- Техник-құрылысшы-технолог. Қазіргі уақытта «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жаңақала ауданы білім беру бөлімінің «Борық бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде күзетші болып жұмыс жасайды.
Садықов Асылан Нұрболатұлы аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылының тұрғыны. 2022 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық универсмтетін бітірген, мамандығы- Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамассыз ету. Қазіргі уақытта "Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінде бас маман болып жұмыс жасайды.
2023 жылдың 29 тамыз күні келесі үміткерлер өзін-өзі ұсынумен Губашев Әліби Салықұлы аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Жаңақала ауданы, Көпжасар ауылдық округінің, Көпжасар ауылының тұрғыны. 2011жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті бітірген, мамандығы- математика пәні мұғалімі. Қазіргі уақытта «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жаңақала ауданы білім беру бөлімінің «Д.Нұрпейсова атындағы ЖОББМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып жұмыс жасайды.
Рамазанов Бауыржан Сакенұлы аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғыны. 1991 жылы М.Калинин атындағы «Құрмет белгісі» орденді Саратов ауыл шаруашылығын механикаландыру институтын бітірген, 2013 жылы Батыс Қазақстан инженерлік –гуманитарлық университетін бітірген, 2015 жылы Батыс Қазақстан инженерлік –гуманитарлық университетін бітірген, мамандықтары- инженер-гидротехник, техника және технология бакалавры, құқықтану бакалавры. Қазіргі уақытта уақытша жұмыссыз.
Жанболатов Теңел Жанболатұлы аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Жаңақала ауданы, Көпжасар ауылдық округінің, Көпжасар ауылының тұрғыны. 2018 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін, 2021 жылы Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін бітірген, мамандықтары- Экология, Экономика және бизнес. Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы «Көпжасар ауылдық округі әкімі аппараты» Мемлекеттік мекемесінің бас маманы болып жұмыс жасайды.
Хайруллин Мейрамбек Ерланұлы аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Жаңақала ауданы,Қызылоба ауылдық округінің, Қызылоба ауылының тұрғыны. 2017 жыл - Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін бітірген, мамандығы- ветеринариялық санитария. Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы «Қызылоба ауылдық округі әкімі аппараты» Мемлекеттік мекемесінің бас маманы болып жұмыс жасайды.
Жаңақала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ауылдық округ әкімдеріне үміткерлерді «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкестігін анықтайтын болады.