Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Пятимар ауылдық округі әкімінің сайлауын 2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 2 - тармақтарына сәйкес Жаңақала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Пятимар ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалсын.
- 2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Пятимар ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Осы шешімнің көшірмесі Жаңақала ауданының әкіміне жолдансын.
- Осы шешім аудандық «Жаңарған өңір» қоғамдық – саяси газетінде және аудан әкімдігінің сайтында жариялансын.
- Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Жаңақала аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Д.Бактигереев