Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Пятимар ауылдық округі әкімінің сайлауын 2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 2 - тармақтарына сәйкес Жаңақала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Пятимар ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалсын.
  2. 2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Пятимар ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Осы шешімнің көшірмесі Жаңақала ауданының әкіміне жолдансын.
  5. Осы шешім аудандық «Жаңарған өңір» қоғамдық – саяси газетінде және аудан әкімдігінің сайтында жариялансын.
  6. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Жаңақала аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                Д.Бактигереев

 

Дата публикации
16 августа 2023