Жаңақала ауданының дербес бөлімдермен ауылдық округ әкімі аппараттарыбойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жетпіске жуық түрлері бойынша жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетіп келеді.
Ағымдағы жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға 128 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:
Мемлекеттік көрсетілген қызметтер 2 – тоқсан бойынша жалпы көлемде 1876 қызмет төменде көрсетілген тәртіппен көрсетілген :
–«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы – 59 ;
– www.egovkz порталы арқылы – 188;
– www.elicensekz порталы арқылы – 264;
– «Е-собес» ақпараттық жүйесі арқылы – 46;
– «Еңбек биржасы» ақпараттық жүйесі арқылы – 1074;
– «АХАЖ» ақпараттық жүйесі арқылы – 26;
– «Kezekte.kz» ақпараттық жүйесі арқылы – 22;
– «E-halyk» ақпараттық жүйесі арқылы – 197.
Есептік кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына жеке және заңды тұлғалардан шағымдар түскен жоқ.
Жаңақала ауданы әкімі аппараты басшысының «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау жоспарын бекіту туралы» 2022 жылғы 2 желтоқсан күнгі №44 бұйрығына сәйкес а.ж. мамыр айында ««Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау мақсатында ішкі бақылау жүргізіді (акт жалғанды).
2023 жылдың 3 мамыр күні, сағат 15:30 Жаңақала аудандық жұмыспен қамту бөлімінің инстаграм парақшасында( https://www.instagram.com/tv/Crx2WVnI5G1/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==) бөлім бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке барысында жауапты мамандар 2022 жылғы статистикалық көрсеткіштерге талдау жұмыстарымен таныстыра отырып, мемлекеттік қызметті алу жолдары бойынша ақпараттармен бөліскен.
Сонымен қатар, аудан бойынша барлық ауылдық округ әкімі аппараттарында ашылған халыққа «Өзіне-өзі қызмет көрсету» орындары арқылы "Электрондық үкіметтің" порталы арқылы 2 тоқсан бойынша көрсетілген қызметтер саны 1087, ал "Электрондық үкіметтің" порталы туралы тұрғындарға 300 ге жуық кеңес берілді.