«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулысына сәйкес, Жаңақала ауданының әкімі ШЕШТІ:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімнің Жаңақала ауданы әкімдігінің Интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.