Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 шілдедегі № 131 қаулысы. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 31 наурыздағы № 111 қаулысымен
Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 31.03.2023 № 111 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
Жаңақала ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген шешіммен бекітілген "Жаңақала ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде:
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, кадрлық жұмыстарды жүргізетін персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.";
42-тармақ алынып тасталсын.