Талдамалық анықтама 2023 жылдың І тоқсанынының қорытындысы бойынша

Жаңақала ауданының дербес бөлімдер мен ауылдық округ әкімі аппараттары бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілгенмемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жетпіске жуықтүрлері бойынша жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетіп келеді.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойыншажеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға 990 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:

  • жергілікті атқарушы органдармен тікелей қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб–порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде кеңсе арқылы қағаз түрінде көрсетілгендер саны жеке тұлғаларға– 989.

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер 1–тоқсан бойынша жалпы көлемде 1763 қызмет төменде көрсетілген тәртіппен көрсетілген :

–«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы – 58;

– www.egov.kzпорталы арқылы – 131 ;

– www.elicense.kzпорталы арқылы–51;

– «Е-собес» ақпараттық жүйесі арқылы –103;

– «Еңбек биржасы» ақпараттық жүйесі арқылы – 1303;

– «АХАЖ» ақпараттық жүйесі арқылы – 2;

– «Kezekte.kz» ақпараттық жүйесі арқылы – 27;

– «E-qazyna.kz»(Госреестр) ақпараттық жүйесі – 1;

– «E-halyk» ақпараттық жүйесі арқылы –87.

Есептік кезеңде мемлекеттіккөрсетілетін қызметтердің сапасына жеке және заңды тұлғалардан шағымдар түскен жоқ.

Жаңақала ауданы әкімі аппараты басшысының «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау жоспарын бекіту туралы» 2022 жылғы 2 желтоқсан күнгі №44 бұйрығына сәйкес а.ж. ақпан, наурыз айларында «Жаңақала ауылдық округі әкімі аппараты», «С.Мендешев ауылдық округі әкімі аппарты» мемлекеттік мекемелеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау мақсатында ішкі бақылау жүргізіді (акт жалғанды).

Сонымен қатар, наурыз айында Жаңақала ауданы әкіміаппарты басшысының төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы, мерзімдері бұзылған қызметтер бойынша ауылдық округ әкімдері және дербес бөлімдер басшыларының (жауапты мамандарымен) қатысуымен жиналыс өткізіліп, хаттамалық шешім дайындалып, тапсырмалар берілді.

2023 жылдың 31 наурыз күні, сағат 15:30 Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің инстаграм парақшасында( https://www.instagram.com/tv/Cqc2KA_oh4u/?igshid=MDJmNzVkMjY=) бөлім бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті. Тікелей эфир барысында мемлекеттік қызметтердің көрсету тәртібі мен атқарылған жұмыстар баяндалып, эфирге 10 көрермен қатынасқан. Жәрмеңке барысында сұрақтар қойылмаған.

Сонымен қатар жоғарыда атлағае күні, Facebook желісінде (https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1172159733447852&id=100043712203270&mibextid=Nif5oz ) Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және дене шынықтыру, спорт бөлімі АХАТ қызметтері бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге үгіт насихат жүргізу бойынша онлай форматта жәрмеңке өткізген болатын. Жәрмеңкеге 20-ға жуық көрермен қосылған. Жәрмеңке барысында жауапты мамандар 2022 жылғы статистикалық көрсеткіштерге талдау жұмыстарымен таныстыра отырып, мемлекеттік қызметті алу жолдары бойынша ақпараттармен бөліскен.

Сонымен қатар, аудан бойынша барлық ауылдық округ әкімі аппараттарында ашылған халыққа «Өзіне-өзі қызмет көрсету» орындары арқылы "Электрондық үкіметтің" порталы арқылы 1 тоқсан бойынша көрсетілген қызметтер саны 1978, ал "Электрондық үкіметтің" порталы туралы тұрғындарға 500 ге жуық кеңес берілді.

2023 1 аныктама-справка каз-рус
Дата публикации
12 апреля 2023