2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Жаңақала аудандық мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Жаңақала аудандық аумақтық сайлау  комиссиясының 2023 жылғы

20 қаңтардағы №1 шешіміне қосымша

 

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған

 Қазақстан Республикасы Жаңақала аудандық мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

1. Сайлау округтерінің  тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей

2023 жылғы 29 қаңтардан кешіктірмей

                 (14-б. 6) т., 22-б.)

         2. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау                                         

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2023 жылғы 29 қаңтардан кешіктірмей

 (13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)                   

          3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау                   

 

Аудан әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде

2023 жылғы 2 ақпаннан кешіктірмей

 (23-б. 5-т.)

         4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2023 жылғы 2 ақпаннан кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

5. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тиісті округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну

 

Азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен және саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы

2023 жылғы 20 қаңтарда басталады және 8 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталады.

(103-б.)

6. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу

 

Округтік сайлау комиссиялары

Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін

(102-б., 103-б. 6-т.)

7. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Тіркелгенге дейін

                                                                               (104-б. 2-т.)

          8. 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияның өтуін бақылау.

 

Аудандық аумақтық, округтік сайлау комиссиялары

Тіркелгенге дейін

                                                                               (104-б. 2-т.)

9. Сайлау комиссияларының, учаскелерінің сайлауға дайындығын бақылау және тексеру мәселелері бойынша аудандық аумақтық комиссия мүшелерінің ауданның ауылдарына шығуын жүзеге асыру

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

2023 жылғы ақпан-наурыз

(14-б. 8-т.)

         10. Округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін оқытуды ұйымдастыру және өткізу.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

2023 жылғы 24 қаңтар, 2023 жылғы ақпан-наурыз

(14-б. 11-1-т.)

         11. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу

 

Округтік сайлау комиссиялары

2023 жылғы 20 қаңтарда басталады және 18 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталады

                                                       (104-б.)

         12. Кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы жоғары тұрған сайлау комиссиясына ұсыну

 

 Округтік сайлау комиссиялары

 Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде

                                                                             (104-б. 5-т.)

13. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Округтік сайлау комиссиялары

Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей

                          (104-б. 6-т. 1-тт, 6-1-т. 1-тт.)

14. Сайлау процесін тұрақты ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету. БАҚ өкілдерімен кездесулер брифингтерін және интервью беруді ұйымдастыруды жүзеге асыру.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

2023 жылғы қаңтар - наурыз

15. Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары

2023 жылғы 2 ақпан

16. Сайлау округтерінде және сайлау учаскелерінде күнтізбелер, ауданының ауылдарында билбордтар дайындау және орналастыру.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары

2023 жылғы 18 ақпанға дейін

          17. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу

 

Округтік сайлау комиссиялары

Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін

 (14-б , 8-тт.), 16-1-т. 6-тт.,  31-б.)

          18. Кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде                                                                       

 (104-б. 2-т.)

19. Кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу   

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидат тіркелгеннен кейін  

                                                                               (34-б. 6-т.)

20. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың, саяси партиялардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау                               

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы, округтік сайлау комиссиялары

Айына екі рет

21. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру                               

 

Жергiлiктi атқарушы орган және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін, 2023 жылғы 18 ақпанға дейін

                                                                                 (28-б. 6-т.)

22. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу                                                                                                           

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2023 жылғы 18 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2023 жылғы 18 наурызда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

23. Мүгедек адамдардың құқықтарын сақтауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру. Сайлау учаскелерінде мүгедек адамдарға дауыс беруге жағдай жасау.

 

Әкімдер, әлеуметтік қамсыздандыру органдары, аудандық аумақтық сайлау комиссиясы, учаскелік сайлау комиссиялары

2023 жылғы ақпан-наурыз

          24. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы орган және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

                                                                                 (28-б. 4-т.)

         25. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссияларына қағаз жеткізгіште, аумақтық және округтік сайлау комиссияларына электрондық түрде акт бойынша ұсыну                                                    

 

Аудан әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2023 жылғы 26 ақпанға дейін

(26-1 б. 1-т.)

         26. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

 

                            

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2023 жылғы 4 наурыздан кешіктірмей

                                                                  (26-б. 1-т.)

27. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету                                                                             

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2023 жылғы 9 наурызға дейін                                                                

                 (18-б. 5) т., 38-б. 2 т.)

         28. Жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және бұл туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау күніне дейінгі он күннен кешіктірмей

2023 жылғы 9 наурызға дейін      

(38-б. 1-т., 3-т.)

29. Сайлау бюллетеньдерін дайындауды ұйымдастыру. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы, округтік сайлау комиссиялары

Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей

2023 жылғы 16 наурыздан ерте емес және 18 наурызға дейін

(16-1-б. 4-т), 37-б. 3-т.)

          30. Сервистік қызмет көрсететін сайлау учаскелерін қоса алғанда, телекоммуникация қызметтерін қосуға шарттар жасасуды және қызметтерді қосуды жүзеге асыру

 

Аудандық және учаскелік сайлау комиссиялары

2023 жылғы 25 ақпанға дейін

31. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау           

 

 

 

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе, 

жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

32. Дауыс беруді өткізу                                              

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Сайлау күні, егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе,  жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

33. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде ҚР Парламенті Мәжілісі  мен тиісті мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                   

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Егер дауыс беруді аяқтаудың басқа уақыты белгіленбесе және дауыстарды санау басталғаннан 12 сағаттан аспаса, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

(18-б. 8) т., 43-б.)

34. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң және сайлау округінің үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

 

Учаскелік  және округтік сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

                                                                       (43-б. 8-т. 8-1т)

35. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті жоғары тұрған сайлау комиссияларына ұсыну                                                

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108-б. 1-т.)

 

36. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

 

Округтік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108-б. 1-т.)

37. Оралған және мөрленген электоралдық құжаттарды Қазақстан Республикасының арнаулы байланысына жеткізу

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы,

2023 жылғы 20 наурыз сағат 09.00-ден кешіктірмей

          38. Аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлаудың нәтижелерiн белгілеу                        

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткен күннен кейін екі  күндік мерзімнен кешіктірмей                                                                         

2023 жылғы 21 наурыздан кешіктірмей

(14-б.  9) т, 44-б. 2-т., 108-б.2,3-т)

39. Аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау қорытындыларын анықтау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап бес күннен кешіктірмей                                                                                  

2023 жылғы 24 наурыздан кешіктірмей

(111-б. 1-т.)

         40. Қазақстан Республикасы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындылары  туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2023 жылғы 26 наурыздан кешіктірмей

(14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т

41.  Сайланған аудандық мәслихат депутаттарын тіркеу және әрбір депутатқа куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру                                          

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

(14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)               

42. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясына сайлау қорлары қаражатының пайдаланылуы туралы есептер беру

 

Кандидаттар, саяси партиялар

Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін бес күннен

кешіктірмей

(34-б. 9-т.)

         43. Кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және олардың көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы,

округтік сайлау комиссиялары

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн бес күн ішінде

                                                                             (34-б. 4-т.)

           

          

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
20 января 2023