Жаңақала ауданының Жаңақала ауылдық округіндегі №113 Мектеп сайлау учаскесінің комиссия құрамын айқындау туралы

«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңы 17-бабы 1, 2-тармақтарына, 23 бабы 1,2,5- тармақтарына сәйкес және Жаңақала ауданы әкімінің аудандық сайлау комиссиясымен келісілген 2022 жылғы 28 желтоқсандағы №17 шешімі негізінде Жаңақала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Жаңақала ауданының Жаңақала ауылдық округіндегі №113Мектеп сайлау учаскесінің комиссия құрамы 7 адамнан тұратыны айқындалсын.
  2. Жаңақала ауданының Жаңақала ауылдық округіндегі №113 Мектеп сайлау учаскесінің комиссия құрамын 7 адамнан қалыптастыру үшін аудандық мәслихатқа тиісті хабарлама жолдансын.
  3. Осы шешімнің орындалуы аудандық сайлау комиссиясының хатшысы З.Себековаға жүктелсін.

Жаңақала аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ж.Бақтыгереев

Жаңақала ауданының Жаңақала ауылдық округіндегі №113 Мектеп сайлау учаскесінің комиссия құрамын айқындау туралы
Дата публикации
30 декабря 2022