«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес және Жаңақала аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 1 қаңтардағы № 1 «Жаңақала аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру» туралы шешіміне сәйкес ШЕШІМ ЕТЕДІ:
- Жаңақала аудандық мәслихаттың депутаттарды сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 11 (он бір) округтік сайлау комиссиялары құрылсын.
- Жаңақала аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін шешім Жаңақала аудандық мәслихатына жіберілсін.
- Осы шешім Жаңақала ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық «Жаңарған өңір» газеттерінде орналастырылсын.
- Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Комиссия төрағасы Ж.Бақтыгереев
Комиссия хатшысы З.Себекова