Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі: «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру»

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» мемлекеттік қызметі - жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 23 (жиырма үш) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: "электрондық / қағаз түрінде".

          Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері: Облыстардың, Астана және Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы және «Электрондық лицензиялау» порталы.

 

Қызмет көрсету үшін келесі құжаттар ұсынылады:

1) өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушы қол қойған еркін нысандағы діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуы туралы анықтама-негіздеме (сауда, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар санының, сондай-ақ нысаналы мақсаты діни әдебиетті қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлардың бар-жоғын көрсете отырып); өзге де ақпараттық материалдарын, діни мақсаттағы заттарды сатып алу; үй-жай құру мақсаттары; үй-жай орналасқан ғимараттан үш жүз метр шекте білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдары ғимараттарының болмауы);

3) меншік иесінің үй-жайды діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін пайдалануға келісімі туралы хат (жалға алынған үй-жай жағдайында ұсынылады).

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың (немесе) олардағы деректердің анық еместігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуы;

5) дінтану сараптамасының теріс қорытындысы болуға тиіс.

Дата публикации
07 декабря 2022