Жаңақала ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссиясы отырысы
Жаңақала ауылы 22 шілде 2022 жыл
Төрайымдық еткен: Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары А.Еслямғалиева
Комиссия хатшысы: Жаңақала ауданы әкімі аппаратының бас маманы Т.Үмбетов
Қатысқандар: Жаңақала ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері
Шақырумен: Жаңақала аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы А.Ғайнеден, Жаңақала аудандық білім беру бөлімі қосымша білім беру әдіскері С.Төлешова, Жаңақала аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Р.Асқаров
КҮН ТӘРТІБІНДЕ :
1.Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүру фактілерін, оларға алкогольді және шылым өнімдерін сату, оларды жезөкшелікке тарту, есірткі заттарын сату және өзге де қылмыстық әрекеттерді анықтау мақсатында жастардың көп шоғырланатын орындарын тексеру бойынша жүргізілген рейдтердің қорытындысы туралы (баяндамашы Жергілікті полиция қызметі, Жаңақала аудандық білім беру бөлімі, Жаңақала аудандық ішкі саясат бөлімі)
1.1. Жаңақала аудандық білім беру бөлімі, Жаңақала аудандық мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне, Жаңақала аудандық ішкі саясат бөліміне, Жаңақала аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімшесіне;
- жасөспірімдердің ата-аналары арасында түсінік жұмыстарын жүргізу, балалардың кез-келген сайттардан, әлеуметтік желілерден теріс ақпараттар алмауын қадағалау, оқушылардың түнгі мезгілде заңды тұлғалардың ілесіп жүруінсіз көңіл көтеру мекемелерінде, көше бойына соның ішінде демалыс саябақтарына кешенді жедел-профилактикалық шаралар өткізу, жасөспірімдердің көңілді демалуларына жағдай жасау тапсырылсын.
Орындау мерзімі – үнемі
Комиссия төрайымы: А.Еслямғалиева
Комиссия хатшысы: Т.Үмбетов