Жаңақала ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

Жаңақала ауылы 2022 жылғы 7 шілде

Төрағалық еткен: аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы – Еслямғалиева А.Н

Қатысқандар: Жаңақала ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері

Шақырылғандар: Жаңақала аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Р.Асқаров

  1. Бала еңбегінің ең қиын түріне жол бермеу және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы (баяндамашы Жаңақала аудандық білім беру бөлімі)

1.1. Жаңақала аудандық білім бөліміне:

- алдын алу субьектілерімен соның ішінде медицина қызметкерлерімен, әлеуметтік қызметкерлер, полицияның учаскелік инспекторларымен балаларды сүймелдеу мен негативті жағдайлардың алдын алу, қолайсыз және толық емес отбасыларды (соның ішінде өгей әке, өгей шешемен тұратындар) әлеуметтік, тұрмыстық жағдайларын тексеріп отыру тапсырылсын.

Орындау мерзімі- үнемі

- отбасылық тәрбие мәселелері бойынша ата-аналармен жұмысты жандандыру тапсырылсын.

Орындау мерзімі- тұрақты

2.Аудан мектептерінде оқушылардың жазғы демалысының ұйымдастырылуы , жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік шараларының алдын-алу туралы (баяндамашы; Жаңақала аудандық білім беру бөлімі)

2.1. Жаңақала аудандық білім бөліміне:

-жекелеген санаттағы балаларды демалумен және сауықтырумен толық қамту шараларын қарастырсын.

Орындау мерзімі – маусым – тамыз айлары

-жаз мезгілінде балалар қауіпсіздігі бойынша мүдделі органдармен бірлесіп рейдтік іс-шараларды ұйымдастырсын.

Орындау мерзімі – маусымдық кезеңде

 

Комиссия төрайымы: А.Еслямғалиева

Комиссия хатшысы: Т.Үмбетов

Дата публикации
26 июля 2022