2022 жылғы 22 мамырда Жаңақала ауданының Жаңақазан ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Жаңақала аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жаңақала ауданының ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Жаңақазан сайлау округі
Жаңақазан ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1312 азамат енгізілді, оның ішінде 1068 сайлаушы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 79, "барлығына қарсы" деген жолда белгісі бар – 63.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Губашев С.Б. – 604; Серікқалиев А.С. – 175; Хайруллин М.Е. – 147;
Жаңақазан ауылдық округінің әкімі болып Губашев Садуахас Булатович сайланды - 1967 жылы туған. Жұмыссыз. БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақазан ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсынған. «Аманат» партиясының мүшесі. Ұлты қазақ.
Сайлау учаскелерінде кандидаттардан 6 сенім білдірілген адам ( өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған) және «Партиялық емес бақылау орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалынан 4 байқаушы тіркелді.