Жаңақала ауданы әкімінің хабары

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»  28.09.1995 жылғы №2464 Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының  23 бабының 5 тармағына және 2022 жылғы 22 мамырға тағайындалған Жаңақазан ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі Жаңақала аудандық аумақтық сайлау комиссиясының негізгі іс-шараларын өткізудің мерзімдері туралы қаулысына сәйкес Жаңақала ауданының әкімдігі сайлау учаскелерінің шекаралары туралы  хабарды жариялайды.

 

Жаңақала ауданы аумағындағы сайлау учаскелері

№ 121 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Жаңақазан ауылы, Жаңақала аудандық мәдениет бөлімінің «Жаңақала аудандық мәдени - демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

Шекарасы: Жаңақазан ауылы, Қадыр, Құрмаш, Шағала, Әли, Нұғыман, Қази, Батау, Қалмақшағыл, Қатия, Қайролла, Айтжан, Әтім, Құспан, Әйіпсай, Жүніс, Молдамұрат,Стан, Үмбет, Теміршаріп, Дөңгелек, Ақсерке, Захар, Жаңаорын, Төлеген, Балдырған, Бұзауой, Үшқұдық, Тленші, Майдан, Терек қыстаулары.

№ 122 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Жуалыой ауылы, Жаңақала аудандық мәдениет бөлімінің «Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

Шекарасы: Жуалыой ауылы, Сарыбай, Қойқұм, Мұқан, Дәулет, Құти, Байкенже, Қабыл, Ешкі, Әбіл, Тілекқабыл, Асабай, Мырзабай, Қабден, Аманғали қыстаулары.

Дата публикации
03 мая 2022