Жаңақала ауданының дербес бөлімдермен ауылдық округ әкімі аппараттарыбойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жетпіске жуық түрлері бойынша жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетіп келеді.
Ағымдағы жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша жалпы – жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға 1009 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:
Мемлекеттік көрсетілген қызметтер 1 – тоқсан бойынша:
–«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы – 292;
– www.egov.kz порталы арқылы – 223;
– www.elicense.kz порталы арқылы – 66 ;
– «Е-собес» ақпараттық жүйесі арқылы – 2;
– «Еңбек биржасы» ақпараттық жүйесі арқылы – 364;
– «АХАЖ» ақпараттық жүйесі арқылы – 20;
Есептік кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына жеке және заңды тұлғалардан шағымдар түскен жоқ.
«Бірлік ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, «Қызылоба ауылдық округі әкімі аппараты» ММ және «Жаңақала аудандық тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-де жоспарлы ішкі бақылау шаралары аудан әкімі аппараты басшысының 2021жылғы 21 желтоқсандағы №46 бұйрығы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіледі. Электрондық мемлекеттік қызметтерді алу және дұрыс пайдалану туралы аудан әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері аудандық бөлімдердің мемлекеттік қызметтер бойынша жауапты мамандарына онлайн форматта кеңес-жиындар уақытылы өткізіп, көмектерін көрсетіп келеді.
Электрондық мемлекеттік қызметтерді алуға болатын өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын ашу жөнінде Жаңақала ауданы әкімі аппараты басшысының тапсырмасы бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жаңақала ауданының әкімдігі ресми сайттарында және әлеуметтік желілерде апта және ай сайын e-gov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «Халыққа қызмет көрсету орталығына» бармай-ақ қашықтықтан электронды түрде алу туралы ақпараттар жариялануда.
Аудан әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері аудандық бөлімдердің мамандарына және қызмет алушыларға үнемі әдістемелік көмектерін көрсетіп келеді.
Сонымен қатар, аудан бойынша барлық ауылдық округ әкімі аппараттарында ашылған халыққа «Өзіне-өзі қызмет көрсету» орындары арқылы "Электрондық үкіметтің" порталы арқылы 1 тоқсан бойынша көрсетілген қызметтер саны 1214, ал "Электрондық үкіметтің" порталы туралы тұрғындарға 500 ге жуық кеңес берілді.