Жаңақала ауданының дербес бөлімдермен ауылдық округ әкімі аппараттарыбойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілгенмемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жетпіске жуықтүрлері бойынша жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетіп келеді.
2021 жылдың қорытындысы бойынша жалпы – жеке тұлғаларға – 3333және заңды тұлғаларға 6 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:
- жергілікті атқарушы органдармен тікелей қағаз түрінде көрсетілгенмемлекеттік қызметтердің саны жеке тұлға 14, заңды тұлға 6 ;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб–порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде кеңсе арқылы қағаз түрінде көрсетілгендер саны 1274;
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 1756;
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны289.
Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша:
–«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы – 1020;
– www.egov.kz порталы арқылы – 1123;
– www.elicense.kzпорталы арқылы– 557;
– «Е-собес» ақпараттық жүйесі арқылы – 187;
– «Еңбек биржасы» ақпараттық жүйесі арқылы – 1756;
– «АХАЖ» ақпараттық жүйесі арқылы – 102;
Есептік кезеңде мемлекеттіккөрсетілетін қызметтердің сапасына жеке және заңды тұлғалардан шағымдар түскен жоқ.