Талдамалық анықтама (Аналитическая справка) 2021 жылдың ІV тоқсанынының қорытындысы бойынша

Жаңақала ауданының дербес бөлімдермен ауылдық округ әкімі аппараттарыбойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілгенмемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жетпіске жуықтүрлері бойынша жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетіп келеді.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы «№ 39/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 17 қазандағы № 390/НҚ бұйрығына сәйкес Жаңақала ауданының (8) дербес бөлімдері мен (9) ауылдық округ әкімі аппараттары мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Ағымдағы жылдың IV тоқсанының қорытындысы бойынша жалпы – жеке тұлғаларға – 869мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:

  • жергілікті атқарушы органдармен тікелей қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 99;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб–порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде кеңсе арқылы қағаз түрінде көрсетілгендер саны 10;
  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 503;
  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 257.

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер 4–тоқсан бойынша:

–«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы – 207;

– www.egov.kz порталы арқылы – 424;

– www.elicense.kzпорталы арқылы– 143;

– «Е-собес» ақпараттық жүйесі арқылы – 5;

– «Еңбек биржасы» ақпараттық жүйесі арқылы – 503;

– «АХАЖ» ақпараттық жүйесі арқылы – 26;

Есептік кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына жеке және заңды тұлғалардан шағымдар түскен жоқ.

«Жаңақала аудандық сәулет, құрылыс, қала құрылысы» ММ-де жоспарлы ішкі бақылау шараларыаудан әкімі аппараты басшысының 2020жылғы 25 желтоқсандағы №39 бұйрығы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіледі. Электрондық мемлекеттік қызметтерді алу және дұрыс пайдалану туралы аудан әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері аудандық бөлімдердің мемлекеттік қызметтер бойынша жауапты мамандарына онлайн форматта кеңес-жиындар уақытылы өткізіп, көмектерін көрсетіп келеді.

Электрондық мемлекеттік қызметтерді алуға болатын өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын ашу жөнінде Жаңақала ауданы әкімі аппараты басшысының тапсырмасы бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жаңақала ауданының әкімдігі ресми сайттарында және әлеуметтік желілерде апта және ай сайын e-gov.kz«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «Халыққа қызмет көрсету орталығына» бармай-ақ қашықтықтан электронды түрде алу туралы ақпараттар жариялануда.

Аудан әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері аудандық бөлімдердің мамандарына және қызмет алушыларға үнемі әдістемелік көмектерін көрсетіп келеді.

Аудан бойынша 2021 жылдың 4 тоқсанына Халыққа қызмет көрсету орталығынан 1298 аудан тұрғындарына электрондық цифрлық қолтаңбалар рәсімделіп және 306 адамдыm-gov порталына тіркеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, аудан бойынша барлық ауылдық округ әкімі аппараттарында ашылған халыққа «Өзіне-өзі қызмет көрсету» орындары арқылы "Электрондық үкіметтің" порталы арқылы 4 тоқсан бойынша көрсетілген қызметтер саны 1652, ал "Электрондық үкіметтің" порталы туралы тұрғындарға 400 ге жуық кеңес берілді.

 

2021,4 тоқсан есеп
Дата публикации
25 апреля 2022