2021 жылдың ІІІ тоқсанынының қорытындысы бойынша

Жаңақала ауданының дербес бөлімдермен ауылдық округ әкімі аппараттарыбойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілгенмемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жетпіске жуықтүрлері бойынша жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетіп келеді.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы «№ 39/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 17 қазандағы № 390/НҚ бұйрығына сәйкес Жаңақала ауданының (8) дербес бөлімдері мен (9) ауылдық округ әкімі аппараттары мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Ағымдағы жылдың IІІ тоқсанының қорытындысы бойынша жалпы – жеке тұлғаларға – 1372 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:

- жергілікті атқарушы органдармен тікелей қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –жеке тұлғаларға-1;

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде кеңсе арқылы қағаз түрінде көрсетілгендер саны–жеке тұлғаларға 7;

- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны– жеке тұлғаларға-227және заңды тұлғаларға-321.

-көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны- жеке тұлғаларға-1693 және заңды тұлғаларға - 1043.

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер 3-тоқсан бойыншаe-Gov порталы арқылы 202, «Е-лицензирование» ақпараттық жүйесі арқылы 113 және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы 278 қызмет көрсетілді.

Есептік кезеңде мемлекеттіккөрсетілетін қызметтердің сапасына жеке және заңды тұлғалардан шағымдар түскен жоқ.

«Жаңақала ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, «Жаңақала аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы» ММ-лерінде жоспарлы  ішкі бақылау шараларыаудан әкімі аппараты басшысының 2020жылғы 25 желтоқсандағы №39 бұйрығы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіледі. Электрондық мемлекеттік қызметтерді алу және дұрыс пайдалану туралы аудан әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері аудандық бөлімдердің мемлекеттік қызметтер бойынша жауапты мамандарына онлайн форматта кеңес-жиындар уақытылы өткізіп, көмектерін көрсетіп келеді. Сонымен қатар, халыққа үгіт насихаттау, түсіндірме жұмыстар жүргізу барысында «Жаңақала аудандық сәулет, құрылыс, қала құрылысы» және «Жаңақала аудандық жер қатынастары» мемлекеттік мекемелері арқылы көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандардың қатысумен, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу барысында кездесіп жүрген мәселелер бойынша офлайн форматта Жаңақала ауданы халыққа қызмет көрсету орталығында жиналыстар өткізілді.

Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне және Жаңақала ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемесінде электрондық мемлекеттік қызметтерді алуға болатын өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын ашу жөнінде Жаңақала ауданы әкімі аппараты басшысының тапсырмасы берілген болатын. Соның нәтижесінде, аталған мекемелер бойынша стандартқа сай материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етіп, жаңадан «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» ашылды.

Жаңақала ауданының әкімдігі ресми сайттарында «Электрондық үкімет» веб-порталы, «Карантин кезінде мемлекеттік қызметтерді алу», сәйкесінше ЭЦҚ-ны қашықтықтан алу туралы ақпараттар орналастырып, e-govпорталына сілтеме көрсетілді.

Аудан әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері аудандық бөлімдердің мамандарына және қызмет алушыларға үнемі әдістемелік көмектерін көрсетіп келеді.

Аудан бойынша 2021 жылдың 3 тоқсанына Халыққа қызмет көрсету орталығынан 1531 аудан тұрғындарына электрондық цифрлық қолтаңбалар рәсімделіп және 503 адамдыm-gov порталына тіркеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, аудан бойынша барлық ауылдық округ әкімі аппараттарында ашылған халыққа «Өзіне-өзі қызмет көрсету» орындары арқылы "Электрондық үкіметтің" порталы арқылы 3 тоқсан бойынша көрсетілген қызметтер саны 2308, ал "Электрондық үкіметтің" порталы туралы тұрғындарға 300 ге жуық кеңес берілді.

Жаңақала ауданында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, оның халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімі аппараты, аудандық бөлімдер мен ауылдық әкімі аппараттары жұмыстанып келеді және бұл жұмыстар әрі қарай жалғасын тауып, үнемі бақылауда болатынын қаперіңізге беремін.

Жаңақала ауданы әкімі аппараты интернет-ресурстарында жарияланған ақпараттар
Дата публикации
25 апреля 2022