Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-1-бабының 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес Жаңақала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ етеді:
- 2022 жылғы 22 мамырға Жаңақала ауданында сайлау тағайындалсын:
- Жаңақазан ауылдық округінің әкімі сайлауы;
- 2022 жылғы 22 мамырға тағайындалған Жаңақала ауданының Жаңақазан ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Жаңақала аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық "Жаңарған өңір" газетінде жариялансын.
Жаңақала аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы А.Қаресов
Жаңақала аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Ж.Бақтыгереев