ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫ МӘСТЕКСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2024 жылғы 15 қыркүйекте Жаңақала ауданы Мәстексай ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44- бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жаңақала ауданының Мәстексай ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 939 азамат енгізілді, оның – 695 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 19, «Барлығына қарсы» - 10.
Әр бір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Жақсыбаев А.Т. - 37 (5,5%)
Рахим К.Ж. - 40 (6,0%)
Тлепбергенов Е.Н. - 589 (88,5%)
Мәстексай ауылдық округінің әкімі болып Тлепбергенов Ержан Нағымұлы сайланды, 1969 жылы туған, Жаңақала ауданының Мәстексай ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Жаңақала ауылында тұрады, «АМАNAT» партиясы Жаңақала аудандық филиалы ұсынды.
Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы