ЖАҢАҚАЛА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 2- тармақтарына сәйкес 2026 жылдың 26 сәуір күні Жаңақазан ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына және 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 28 сәуірдегі №23 шешімімен Жаңақазан ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді:
Ғаниева Ақжарқын Әміржанқызы. 1991 жылы туған, Жаңқазан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақазан ауылында тұрады. «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Жаңақала аудандық филиалы ұсынды.
Жаңақала ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Ж.Бақтыгереев