
Ауылдық округке қарасты шаруа қожалықтары жеке инвестиция көлемін арттыру үшін жыл басынан 113 810 000 теңгеге көлемінде инвестиция тартылды. Оның ішінде: «Ибат» трактор 10600000 тенге, погрузчик 3980000 тенге, «Ирада» ШҚ трактор 20800000 тенге, погрузчик 2880000 тенге, «Султан» ШҚ трактор 11500000 тенге, «Ирада» ШҚ пресподборщик рулонный 3100000 тенге, «Асмир» ШҚ пресподборщик 3 млн 50 000 тенге.
Округте 2 бағытта мал бағымы ұйымдастырылып келеді. Бір басқа төленетін төлем ақы 2000 теңге. 2023 жылы шөп мәселесі көп туындаған жоқ. Тұрғындарға бір бума шөп 5000-7000 теңгеден сатылды.
2023 жылдан бастап кәсіпкерлікті дамыту, ауыл халқының әл-аухатын көтеруге, шағын кәсібін ашуға ниет білдірген азаматтарға «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2,5 пайызбен несие берілді.
Жаңабұлақ ауылдық округі бойынша 2023 жылы 23 адам 155 млн 600 000 тенге көлемінде несие алуға өтінім берді.
Соның ішінде 18 адам несиесі 119 млн 900 000 теңге көлемінде мақұлданды. Олар 6- өтінім сүтті етті бағытта, 7-өтінім сүтті бағытта, 2-өтінім етті бағытта, 1 өтінім брусчатка шығару құрылғысын алу бағытында, 2-өтінім ұсақ мал алу бағытында берілді.
4- өтінім беруші 28 млн 950 000 теңге көлеміндегі несиеден бас тартты.
1-өтінім 6 млн 750 000 теңге көлемінде құжаттары дұрыс болмауына байланысты қарастырылу үстінде.