Меню

Страницы

Статья

Батыс Қазақстан облысы аумағында қаңғыбас жануарларды аулау, биозарарсыздандыру жұмыстары бойынша

Қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі бұл иесіз қаңғыбас иттердің көбейіп кетуі. Әсіресе облыс орталығында қаңғыбас иттер көбейген. Бұралқы иттер көбінесе мектеп, балабақша, емханалардың қасында және қоқыс жәшіктерінің маңында топтасып қауіп төндіреді. Осыған байланысты тұрғындар тарапынан шұғыл жою қажеттігі жөнінде көптеген арыз-шағымдар түсіп, хабарламалар, бейнетүсірілімдер мен фотосуреттер әлеуметтік желілер арқылы тарауда және  109- I Komek қызметіне күніне 3-4 өтініш түсіп отырады.

Бүгінгі таңда қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмыстары «Батыс Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою» қағидасына сәйкес жүзеге асырылып келді.

Қағидаға сәйкес, жануарларға адамгершілікпен қарау мақсатында, ауланған қаңғыбас иттер мамандандырылған мекемеде биозарарсыздандырудан өткізіліп, құтыру ауруына қарсы вакцинация, дегельминтизация, чип енгізу шаралары жүргізілді. Биозарарсыздандырудан өткен жануарлар күнтізбелік 3-7 күн  бақылауда ұсталып, кейін кері мекендеу ортасына жіберіліп келеді.

Қаңғыбас иттер мен мысықтардан адамдар мен жануарлар денсаулығына қауіп төнген жағдайда, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде қолданыстағы Ереженің 2 бөлімінің 12 тармағына сәйкес қаңғыбас иттер мен мысықтар жойылуда.

2022 жылға облыс бойынша қаңғыбас жануарларды аулау және биозарарсыздандыру жұмыстарына 65 млн 576 мың теңге бөлінді.

Ағымдағы жыл басынан бері облыс бойынша 3 708 бұралқы ит пен мысық, соның ішінде Орал қаласында 1 727 бұралқы ит пен мысық биозарарсыздандырудан өткізіліп, кері жіберілді. Биылғы жылға биозарарсыздандырудан өткен 37 ит пен 21 мысықтың жаңа иелері табылса 67 ит пен 85 мысықты жануарларды қорғау ұйымдары өз иеліктеріне алып отыр.

Биылғы жылға Ақжайық, Жәнібек, Жаңақала, Казталов, Қаратөбе аудандары бойынша биозарарсыздандыру қызметін атқару үшін Орал қаласының ветеринариялық станса мекемесінің арнайы жабдықталған автокөлігімен мобильдік топ құрылып, жазғы мезгілде аудандарға кесте бойынша шығып, жоспарлы жұмыстарын атқарады. Бәйтерек және Теректі аудандары бойынша ауланған бұралқы иттер мен мысықтар Орал қалалық ветеринариялық станциясына тасымалданып, биозарарсыздандырудан өткізіледі және 3-7 күн сол жерде ұсталынып, кері мекендеу ортасына жіберіледі.

Бөрлі, Бөкейордасы, Сырым, Тасқала, Шыңғырлау аудандары аталған жұмыстарды аудандық ветеринариялық станциялар өздері жүргізуде. Орал қаласы бойынша 2021 жылдың 2-ші жартыжылдықтан бастап аулау жұмыстарын ветстанция, биозарарсыздандыру жұмыстары МЖӘ жобасы негізінде Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-де  жүргізілуде.

Бүгінгі күнге Батыс Қазақстан облысы бойынша ветеринариялық станцияларға тиесілі – 10 вольер (сыйымдылығы 170 ит пен мысыққа), Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-не тиесілі – 1 үй жануарларын уақытша ұстауға арналған орын, жануарларды қорғау ұйымдарына тиесілі – 6 панажай бар.

Үстіміздегі жылы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасында Заң қабылданып, аталған Заң 2022 жылдың 2 наурызынан бастап күшіне енді.

Осы Заң жануарларды қорғау, оларға қарау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамгершілікті нығайту және қоғамның ізгілік қағидаттарын сақтау, сондай-ақ жануарларға қарау кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

Облыс тұрғындарының назарына иелігіндегі үй жануарларының қалаусыз ұрпағын болғызбау бойынша стерилизациялау арқылы шаралар қабылдауға, чип салдырып, тіркетуге міндетті екенін және стерилизациялау, есепке тіркету шаралары ақылы негізде жеке және мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда жүргізілетінін қаперлейміз.

 

БҚО бойынша ветеринариялық станциялардың тізімі

 

 

Кәсіпорын атауы

 мекен-жайы

Телефон/e-mail

1

Ақжайық аудандық ветеринариялық станциясы

БҚО Ақжайық ауданы, Чапаево ауылы, Мендалиева №17

8(71136)40-028

akzhaik.vet.st@mail.ru

2

Бөкей ордасы аудандық ветеринариялық станциясы

БҚО Бөкейорда ауданы, Сайхын ауылы, К.Сағырбаева №1/1

8(71140)40-079

bokeiorda_vetstancia@mail.ru

3

Бөрлі аудандық ветеринариялық станциясы

БҚО Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Юбилейный №12

8(71133)

52-883

vet.st@mail.ru

4

Бәйтерек аудандық ветеринариялық станциясы

БҚО Бәйтерек ауданы, Переметный ауылы, Жеңіс №111

8(71130)22-247

rim_a@mail.ru

5

Жаңақала аудандық ветеринариялық станциясы

БҚО Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Тайманова №43

8(71141)22-286

zhangala_vet.st@mail.ru

6

Жәнібек аудандық ветеринариялық станциясы

БҚО Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Мажитова №203

8(71135)22-406

birjan_g@mail.ru

7

Қазталов аудандық ветеринариялық станциясы

БҚО Қазталов аулвны, Казталовка ауылы, Ветстанция №1

8(71144)31-994

kazraivet@mail.ru

8

Қаратөбе аудандық ветеринариялық станциясы

БҚО Қаратөбе ауданы, Шөптікөл ауылы, Бейбітшілік №1

8(71145)31-839

karatobe_betstansia@mail.ru

9

Сырым аудандық ветеринариялық станциясы

БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы,

 Казахстанская №8

8(71134)21-637

vet.stantsya@mail.ru

10

Теректі аудандық ветеринариялық станциясы

БҚО, Теректі ауылы, Федоровка ауылы,Бейбитшілік №72

8(71132)23-426

malzhardemi@mail.ru

11

Тасқала аудандық ветеринариялық станциясы

БҚО, Тасқала ауданы,Тасқала ауылы,

Первомайская №35

8(71139)21-491

vet_stancia@mail.ru

12

Шыңғырлау аудандық ветеринариялық станциясы

БҚО, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы,

Маметова №86

8(71137) 33-009

vetstanciachingirlau@mail.ru

13

Орал  қалалық ветеринариялық станциясы

БҚО, Орал қаласы, Ақсай 39/2

8(7112)50-20-65

uralskvetstancia@mail.ru

Ветеринариялық клиникалар тізімі

 

№

Атауы

 

Мекен-жайы

Телефон

1

ZooDoctor

 

Құрманғазы 76/1

26-57-77

 

2

ZooVetCenter

 

 

Құрманғазы 33

50-05-19

3

  ИП «Олексенко В.В.»

 

Ихсанова 44/1Б

54-54-90

 

4

ИП «Кальянова Т.Ю.»

Н.Назарбаев 67 а

26-51-40

 

5

ИП «Винникова Е.В.»

Строитель ш.а. 33/1

 

23-44-41

 

6

VET PLUS

Аксай қ, 4 ш.а., 14 үй

8 705 191 92 91

 

Дата публикации
02 сентября 2022
Дата обновления
02 сентября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
01 февраля 2024
Аусыл: қауіп факторлары және күресу шаралары
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
15 ноября 2023
Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының назарына!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы