Меню

Страницы

Статья

Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау

Ветеринариялық іс-шаралар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 16-07/332 бұйрығымен бекітілген «Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларына» сәйкес жоспарланады.

Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар (профилактика, диагностика, жою) "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығымен «Профилактикасы, диагностикасы мен жойылуы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне қосылған аурулар бойынша жүзеге асырылады.

Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау Тізбеге енгізілген аурулар бойынша:

1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің соңғы 3 (үш) жылдағы эпизоотиялық мониторингінің деректері (соңғы 3 жылдағы тіркелген ошақтар);

2) кірісті (төл және басқа түсімдер), шығысы (сойылу, қырылу және өзге есептен шығарылу) және жануарлардың топтастырылуы (эпизоотиялық бірліктер) ескеріле отырып, қолда бар жануарлар басы;

 Эпизоотологиялық бірлік –бір жерде байланысты (бір өрісте, жайылымда және басқа жерлерде) болуы себепті ауру қоздырғышына ұшырау ықтималдығы бірдей жануарлар тобы (үйір, мал тобы, отар, табын).

3) ветеринариялық препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, оған қарсы дауалау жүзеге асырылатын жануарлардың ауруына байланысты ветеринариялық препаратты енгізу еселігі;

4) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларда көзделген диагностикалық зерттеулердің еселігі;

5) көршілес әкімшілік-аумақтық бірліктердегі (аудандардағы, облыстардағы) және шектес мемлекеттердегі эпизоотиялық ахуал туралы деректер негізінде жүзеге асырылады.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 17 мамырда № 162 бұйрықпен ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілді. Осы өзгерістерге сәйкес, аудандық және қалалық ветеринариялық станциялар аумақтық бөлімшелермен (инспекция) келісу бойынша Жоспар жобаларын жасайды және жинақтау үшін облыстық атқарушы органдарға (басқармаға) жолдайды.

Облыстың ЖАО ветеринариялық іс-шаралар жоспарларының әкімшілік-аумақтық бірліктер кесініндегі жобасын алдағы жоспарланатын жылға дайындап, ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісімдегеннен кейін, ағымдағы жылдың 1 ақпанына дейін уәкілетті органға (ҚР АШМ ВБжҚК) жібереді. Ведомство ЖАО ұсынған ветеринариялық іс-шаралар жоспарының жобаларын бекітеды.

Бекітілген ветеринариялық іс-шаралар негізінде ЖАО (облыстық басқарма) аумақтық бөлімшесімен (облыстық) келісу бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында (аудан және ауылдық округтер кесінінде) ветеринариялық іс-шаралардың жоспарын бекітеді, ары қарай оны ұйымдастыру және жүргізу үшін ветеринариялық ұйымдарға жолдайды.

Қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерде инфекцияланған жануарларды уақтылы анықтау үшін және кейіннен ауру табылған жағдайда, оның таралуын болдырмау үшін жалпы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенінде жоспарлы серологиялық зерттеулер жүргізіледі.

Бруцеллезге қарсы вакциналанған жануарларды жоспарлы серологиялық зерттеу вакцинларды қолдану жөніндегі тәлімдемелерде көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.

Қолайлы пункттерде, эпизоотологиялық бірліктерде:

1) жасы 12 айдан басталатын барлық мүйізді ірі қара мал, ұсақ мал (қой мен ешкі)  басын – екі рет (көктемде және күзде); аналық мал басы – екі рет (көктемде және күзде).

союға жөнелтілетін 24 айдан асқан тұқымдық бұқалар – жануарлар сойылғанға дейін 15-20 күнтізбелік күннен кешіктірмей жоспарлы диагностикалық зерттелген жағдайларды қоспағанда, қосымша сою алдында;

2) еркек шошқалар – жылына бір рет;

3) түйелер жасы 12 айдан асқан барлық мал басы жылына бір рет;

4) шаруашылық жүргізуші субъектілердің аумағында (отар, табын маңында) мекендейтін ересек иттерді жылына бір рет диагностикалық зерттеу жоспарланады.

Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жүргізуді (жануарларды вакцинациалау/аллергиялық зерттеу, қан сынамаларын алу және ветеринариялық зертханаға жеткізу) ветеринариялық станциялармен атқарылады.

 

 

Талдау, болжау, ветеринариялық есеп және

лицензиялау бөлімінің бас маманы

Г.Габдуллина

Дата публикации
30 июня 2022
Дата обновления
30 июня 2022
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
01 февраля 2024
Аусыл: қауіп факторлары және күресу шаралары
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
15 ноября 2023
Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының назарына!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы